Екі қазақстандық фильм Ресейде өткен кинофестивальде жүлделі орынға ие болды
Фото: kazakhfilm.kz
Гатчина қаласында жыл сайынғы және бірегей фильмдерді бейімдеу байқауы, «Әдебиет және кино» халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау өтті «Қазақфильм» АҚ-ның екі фильмі марапатқа ие болды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.
Қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломы «Мұқағали» фильміне (реж. Болат Қалымбетов) берілді.
Үздік сценарий жүлдесі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильміне берілді.

Еске салсақ, қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған көркем картина шайыр өмірінің соңғы жылдарын баяндайды.
«Мұқағали» фильмі 25-ші Таллиндегі «Қара түндер» кинофестивалінде (PÖFF) Әділ қазылар алқасының жүлдесін жеңіп алды. Бұл қазақ киносының тарихындағы Эстонияда алған алғашқы мәртебелі сыйлық. Тамыздың басында «Мұқағали» фильмі Қырғызстандағы қазақ киносы күндерін ашты. Биыл 15 шет елде Қазақ киносы күндерін өткізу жоспарлануда.
Токио кинофестивалінде «Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері өтіп, қазылар алқасы қазақстандық фильмнен үлкен әсер алып, Дәрежан Өмірбаевқа «Үздік режиссер» сыйлығын табыс етті.
«Ақын» фильмі заманауи технологиялар мен жаппай тұтыну қоғамындағы өнердің рөлі туралы мәселені көтеріп, ақынның басынан кешкендерін баяндайды. 19-ғасырдағы бүлікші ақын Махамбет Өтемісұлының қайғылы тағдыры туралы ой елегінен өткізген көрермен ақын өмірінің қаншалықты қиын да нәзік болғанын аңғарып, қатты тебіренеді.
Биылғы жылы Гатчинадағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына 35 фильм – кәсіби авторлар мен дебютанттардың туындылары енді. Байқауға әр түрлі елдерден: Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Қазақстан және Тәжікстан сияқты ірі атақты студиялар мен тәуелсіз авторлар өз картиналарын ұсынды.
Айта кетсек, «Әдебиет және кино» бірінші ресейлік кинофестивалі Гатчинада 1995 жылы өткен болатын. Содан бері, 20 жылдан астам уақыт бойы ол жыл сайын ресейлік және әлемдік киноның жаңалықтарын ұсынады. Бұл әдеби негіздегі фильмдерге бейімделулер ғана қатысатын жалғыз фестиваль. Кинофестиваль жұмысына киногерлер ғана емес, қазіргі мәдениеттің алтын қорын білдіретін жазушылар да қатысуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық