Екі полицей 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: depositphotos
Наурыз айында Қырғызстан астанасында болған жантүршігерлік оқиға туралы белгілі болды. Екі полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді. Енді жауап алу кезінде қызға полицейлер психологиялық қысым жасағаны анықталды.
Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Жәбірленушіден жауап алу кезінде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар болмаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Мээрім Осмоналиева хабарлады.
Оның айтуынша, «Оазис Қырғызстан» қайырымдылық ұйымы кәмелетке толмаған баламен болған оқиғаны бақылауға алған.
«Тергеушілер назарына алған қыздың барлық айғақтары жауап алу кезінде психолог пен әлеуметтік қызметкерлердің қатыспауына байланысты толық емес деп есептелуі керек. Бішкектің Бірінші Май аудандық ішкі істер басқармасында қыздан жауап алу ата-анасының, балаларды қорғау жөніндегі уәкілетті органның қатысуынсыз екі сағатқа созылды. Қызға психологиялық қысым жасалған. Тергеуші жәбірленушінің ата-анасына қылмыстық іс қозғау, күдіктіні айыптау және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы қаулыны әлі берген жоқ» деді Мээрім Осмоналиева 24.kg агенттігіне.
Сондай-ақ, тергеу және жауап алу кезінде тергеушілердің, құқық қорғау органдарының қыз бен оның отбасына келтірген моральдық шығын бағаланады.
Құқық қорғаушы жүргізілген сот-медициналық сараптаманы сенімсіз деп санап, істі психолог/психотерапевт, әлеуметтік қызметкер, тәжірибелі заңгердің қатысуымен барлық стандарттарға сай қайта қарауды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық