Екі ірі жол апатынан 10 адам қаза болды
Фото: «ҚазАвтоЖол»
Жамбыл және Алматы облыстарында болған жантүршігерлік жол апатынан 10 адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
24 шілдеде Жамбыл облысында «Екатеринбург – Алматы» автожолында болған апаттан 4 адам мерт болды. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан экскаватормен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Alphard жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Ал екінші жол апаты бүгін, 25 шілде күні сағат 10.15-те Алматы облысының Самсы ауылының маңында республикалық тас жолда болды. Toyota Alphard трактормен соқтығысқан. Ол маңда 9 қызметкер жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Жеңіл көлік алдындағы көлікті басып озбақшы болып, қоршалған жолдан шығып кеткен.
Жол апатынан 6 адам мерт болды. Арасында жол жөндеп жатқан қызметкер де бар. Екі адам жарақат алды.
Айта кетейік, Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі Toyota автокөлігімен соғылып, аударылып қалды. Жол апатынан екі адам зардап шекті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық