«Екі ірі кәсіпкер»: Құлыбаев өз үлесін неге сатты?
Коллаж Orda.kz
Тимур Құлыбаев «Шұбаркөл Премиум» компаниясындағы үлесінен бас тартты. Бұл компания Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір кен орнын игерумен айналысады. Компанияның құрылтайшылары қатарына екі басқа ықпалды бизнесмен қосылды. Рақышев пен Шухрат Ибрагимов Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Шұбаркөл Премиум» көмір өндіруші компаниясының жаңа акционерлері атанды, деп хабарлады Orda.kz.
KASE мәліметтеріне қарасақ, олардың компаниядағы үлесі 10%-дан асады.
«Шұбаркөл Премиум» компаниясының бұрынғы акционерлері өзгерді: Құлыбаевтың «Joint Resources» АҚ компаниясы, 67% үлеске ие болған, сондай-ақ Раушан Сағдиеваның «Fci Management Llp» ЖШС және «Trans Coal Investment Group» ЖШС сияқты 16,5% үлестегі компаниялар тізімнен шығарылды.
Компанияның бірінші жартыжылдығы 6,3 миллиард теңге көлемінде зиянмен аяқталды, бұл оның қаржылық жағдайы мен болашақ перспективасына жаңа назар аударуды талап етеді.
«Шұбаркөл Премиум» компаниясы
«Шұбаркөл Премиум» – Қарағанды лагері аймағындағы Шұбаркөл көмір кен орнын әзірлеумен айналысатын жетекші компания.
2017 жылдың 24 сәуірінде тіркелген бұл компания Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялар секторында листингтен өтті. Компания 5 миллион жай акция шығарып, KZ1С60530017 сәйкестендіру нөміріне ие болды.
2022 жылы көмір өндіру көлемі 3 миллион тонна болды, ал 2024 жылға дейін өндіріс көлемі 4 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, Orda.kz Тимур Құлыбаевтың компания басшыларын ауыстырғаны жайлы жазған болатын.
2023 жылдың қарашасында ол компанияның басқарма құрамын және бас директорын түгелдей ауыстырды. Жаңа тағайындалғандар арасында Рахмет Хайруллаев, Әдел Мұса және Оянжан Макетова бар. Бұрынғы басшылар Раушан Сағдиева, Әсел Төкеева және Шолпан Айнабаева маңызды рөл атқарған еді.
Екі алпауыт кәсіпкер
Акционер болып отырған Шухрат Ибрагимов — Қазақстанның ірі кәсіпкерлерінің бірі. 2021 жылы әкесінен кейін Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2014 жылы ERG басқаруында белсенді рөл атқарып, пандемияның қиындықтарына қарамастан бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта ERG-дің халықаралық нарықта кеңейіп, жасыл экономикаға кірісіп жатыр.
17 шілде 2024 жылы Eurasian Resources Group (ERG) кеңес құрамындағы өзгерістерді жариялады. Александр Машкевич пен Патох Шодиев өз лауазымдарын тастап, олардың орнына Сабыр Шодиев пен Эдуард Сурлевич келді. Шухрат Ибрагимов бұрын отбасы активтерін басқарған еді, енді жаңа кеңестің төрағасы болды. Бұған себеп — 2021 жылы Алиджан Ибрагимовтің қайтыс болуына байланысты туындаған компанияны жаңарту қажеттілігі еді. Жаңа басқарушылар жастар болған соң, бұл ERG-тің стратегиясына және басқаруына өзгерістер әкелді.
Тимур Құлыбаевтың «Шұбаркөл Премиум» компаниясының акционері атанып отырған тағы бір атақты кәсіпкер — Кеңес Рақышев. Ол 2016 жылдың басында Нұржан Сұбханбердинмен бірге БТА Банктің 49,18% акцияларын сатып алды. Сатылған баға 5,9 миллион теңге болды. Сонымен қатар, Рақышев 7 арнасын сатып алу процесінде, ол бұл саладан жаңа мүмкіндіктер көреді. Ол арнаны жаңартуды, соның ішінде қазақ және орыс тілдерінде контент жасауды жоспарлап отыр. Оның бизнес жоспарларында БТА активтерімен жұмыс істеу, халықаралық активтерді капиталдандыруды жақсарту да бар.
Тимур Құлыбаев мүліктерінен неге бас тартып жатыр?
Тимур Құлыбаев бұған дейін де мүліктерін сатқан болатын. 2024 жылы мамырда Тимур Құлыбаев Лондонның Аппер-Гросвенор-стритіндегі үйін 35 миллион фунт стерлингке сатқанын хабарлады.
Maps.google.com-дағы Тимур Құлыбаевтың жеке жайы:
Сондай-ақ, Құлыбаев көршілес үйді де сатуға шығарды. Шетелдік мүліктерді белсенді түрде сатқанына қарамастан, Құлыбаев Қазақстандағы негізгі активтерге назар аударуды жалғастырып келеді. Әсіресе «Халық банкі» мен мұнай кәсіпорындарына баса назар аударып жатыр. Сол сөзіміздің дәлелі бүгін елдегі «Шұбаркөл Премиум» компаниясындағы өз үлесін жоғарыда айтқан екі кәсіпкерге берді.
Соның өзінде дәулеті тасыған Тимур Құлыбаев шығынға ұшырамайды. Бұл оның «Дайрабайдың көк сиырын» сатып құтылу үшін жасаған әрекеті.
18 қыркүйекте ғана Energyprom Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында қатты көмір, лигнит және көмір концентратының өндірісі 69,4 миллион тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,3% төмендегенін мәлімдеді. Көмір өндірісінің тоқырауы басшыларына да әсер етсе керек. Компанияның 1 шілдедегі шығынына қарасақ, 6,3 млрд теңге болыпты.
Жаңалықтар
- Дәрігерсіз, құжатсыз: Қазақстанда 400-ден астам заңсыз процедуралық кабинет анықталды
- Жел соғады, көктайғақ — 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- Алматы облысындағы жер дауы: Сот шешіміне қарамайтын әкімдік және кәсіпкерлерді кім қудалады?
- Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзі асылып өлген ер адамның бұрын үлгілі отбасы болғаны айтылды
- Қарағандыда Нығматулиннің бұрынғы зауыты жабылғалы жатыр
- Дубайда өткен әуе шоуында үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
- АЭС құрылысы 2029 жылы басталады
- Қырғызстан президенті Тасмағамбетовті орденмен марапаттады
- Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды
- Тоқаев Пашинянға «Алтын Қыран» орденін табыстады
- Украинада «Шетелдік легион» құрамында соғысқан Қазақстанның тумасы қаза тапты
- Алматы облысындағы ауыл тұрғындары шетелдіктерге жер беруге қарсы шықты
- Бішкекте хиджаб киюден бас тартқан қызға ата-анасы қорлық көрсетті
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Учаскелік инспектордың үстінен іс қозғалды
- Никол Пашинян қазақ әнімен бейнежазба жариялады
- Маңғыстау тұрғыны полицияның көзінше өзін өртемек болды
- «Үйіне арнайы барған»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына көңіл айтты
- «Алғабастағы алапат өрт»: Аман қалған тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
- Жұмысқа жарамды адамды мемлекет асырамайды – Бектенов
- «Сарбаздар өліп жатыр ма? Не айтып тұрсыз!»: қорғаныс министрі неге таңқалды?