Екі басқарма басшысы әлеуметтік желідегі видеодан кейін арыз түсірді
Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Қуанышбектің жиналыс уақытында лауазымы жоғары тұлғаларға қандай сыйлық сыйлайтыны туралы ақпарат айтып жатқан видеосы желіде тарады.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.
Видеода Бақтияр Қуанышбек Жанна Тоқбаева мен инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы Венера Мұстапаеваның өзіне деген «жақсы» көзқарастары туралы айтып, оларға «Француз үйінен» бағасы 25 мың теңге тұратын иіссу алып беретінін айтады.
– Қалың қалай? Не істеп жатырсың? Байланысқа шықпайсың ғой. Әңгімелері кілең сондай болып кетті. Махаббатизм басталып кетті ма? Мен жақсымын олармен. Ертең айлығымды алып «Французский домға» барып, екеуіне 25 мыңнан екі духи алып бермесем. Управлениесіне барып кіріп. 50 мың теңге қайда қалмайды, - дейді Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, видеода аты аталған екі басқарма басшысы құзырлы орындарға арыз-шағым түсірген.
Өз кезегінде бөлім қызметкерлері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды елемейді. Бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мемлекеттік қызметші Б. Қуанышбектің шындыққа жанаспайтын әңгімесі әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді.
Осының бәрін ескере отырып, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Ж. Тоқбаева мен инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В. Мұстапаева уәкілетті органдардан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң мен «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Кодекске сүйене отырып, Б. Қуанышбекке қатысты қатаң шара қабылдауды сұрайды.
Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзғаныны үшін видеода көрінген бөлім қызметкерлеріне қатаң шара қолдануды талап етіп, арыз түсірді.
Арызда сондай-ақ әлеуметтік желілерде моральдық залал келтіргені үшін айыппұл салуды және ресми кешірім сұрау көрсетілген. Қазіргі уақытта бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік тексеру басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық