«Екі баласын тұншықтырып өлтірген» анаға сот үкімі шықты
Фото:Pexels
Түркістан қаласында балаларын тұншықтырып өлтірген 31 жастағы анаға сот үкімі шықты.
Бұл туралы Түркістан қалмыстық істер соты хабарлады.
Түркістан қаласында «екі баласын тұншықтырып өлтірді» деген айыпталған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл түрме жазасы кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
Судья Дәурет Мадалиев айыпталушыны Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен (99-бап) кінәлі деп танып, 15 жылға бас еркіндігінен, өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқынан айырды.
Сотталушының қоғамдық қорғаушысы, әкесі сот үкіміне келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Сотта жәбірленуші деп танылған Хамитқызының күйеуі, бақилық болған екі баланың әкесі үкімді онлайн тыңдады. Ол үкім оқылғанда көзіне жас алды. 14 мамыр күні басталған сот процесі алқабилердің қатысуымен өтті.
Сотта айыпталушының созылмалы психикалық аурумен ауырмайтыны, балаларын аффект жағдайда өлтірмегені анықталған.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 7 ақпанға қараған түні Түркістан қаласында жалға алынған пәтерде «ұйықтап жатқан 5 жасар ұлы мен 4 жасар қызын жастықпен тұншықтырып, қасақана өлтіргені» айтылған. Полиция қылмысқа күдіктіні ертеңіне Шымкент қаласындағы қонақ үйден ұстаған. Бота Хамитқызы сотта айыпты мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық