Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
Фото: DALL-E
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде Сания Алимажанова пышақ жарақатынан қаза тапты. Оқиға 2025 жылдың 19 маусымында екі кішкентай баласының көз алдында болған. Шабуылдан кейін күдікті көпқабатты үйден секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген ер адам бірнеше айдан кейін «есі дұрыс емес» деп танылған, ал енді марқұмның туыстары ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.
Марқұм мен күдікті ресми некеде тұрмаған. Әйел бұрын ажырасқан және екі баланы өзі тәрбиелеп келген. Туған әпкесі Алуа Сайдалинаның айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін Сания ер адамның құмар ойынға тәуелді және шамамен 10 миллион теңге қарызы бар екенін білген. Осыдан кейін әйел онымен қарым-қатынасын тоқтатпақ болған.
«Қайғылы оқиға болатын күні ол полицияға қоңырау шалып, өзіне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Қоңырау кезінде ер адам құмар ойынға тәуелді екенін және қарызы барын айтып, одан қорқып, балаларымен бірге үйде отырғанын жеткізген», – дейді Алуа.

Туыстарының болжамынша, полицияға қоңырау түскеннен кейін күдікті көп ұзамай екі баланың көзінше әйелді ұрып-соға бастаған. Оқиғадан кейін ер адам сол үйдің төтенше жағдай кезінде шатырға шығатын қосалқы сатысынан секіріп кеткен. Ол көлік үстіне құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оған ми жарақаты, омыртқасы мен бірнеше сүйегі сынғанын анықтаған.
Істегі басты мәселе — күдіктінің психикалық жағдайы. Алғашқы сот-психиатриялық сараптама тамыз айында жүргізілген.
«Сарапшылар ер адамның басынан алған жарақатына байланысты оның қылмыс жасаған кездегі жағдайын анықтау мүмкін емес екенін айтқан. Қазан айында өткен екінші сараптама да нақты жауап бермеген. Сарапшылар күдікті әлі де жарақаттан кейінгі ауыр кезеңде екенін мәлімдеген», – дейді Алуа.
Алайда желтоқсан айында жүргізілген үшінші сараптама мүлде басқа қорытынды шығарды. Онда күдіктіні есі дұрыс емес деп таныған.
«Сарапшылар оның миына органикалық зақым келгенін және антероградтық амнезия бар екенін айтқан. Яғни, ол белгілі бір уақыттағы оқиғаларды еске түсіре алмайды. Дәл осы қорытындының негізінде іс қылмыстық жаза емес, мәжбүрлі емдеу шарасына бағытталуы мүмкін», – дейді әпкесі.
Марқұмның туыстары бұл қорытындыға сенбейді. Олардың айтуынша, сараптама материалдарында күдікті өзінің өміріндегі көптеген жайтты нақты айтып берген. Ол балалық шағын, отбасын, балаларын, тіпті телефон нөмірін де ұмытпаған. Күдікті қай күні қайда болғанын да айтып бере алады. Бірақ қылмыс болған күн оның есінде жоқ. Егер сот сарапшылардың қорытындысын қабылдаса, күдікті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, психиатриялық мекемеге жіберілуі мүмкін.
«Бірақ мұндай емдеу де ұзаққа созылмайды. Егер дәрігерлер оны қоғамға қауіпсіз деп тапса, ол бостандыққа шығуы мүмкін. Екі баланың көзінше жасалған қылмыс жазасыз қалмауы керек», — дейді Алуа.
Марқұмның отбасы тергеу барысында көптеген маңызды жайт тексерілмегенін айтады.
«Күдіктінің де, марқұмның да телефондары айғақ ретінде алынған. Бірақ олардың толық сараптамасы жүргізілмеген», — деді Сайдалина.
Тұрғын үй кешенінің әр бұрышында бейнекамера бар. Алайда, отбасының сөзінше, тергеу тек қысқа үзінділерді ғана пайдаланған. Ресми мәліметтерде күдікті 25-қабаттан секіргені айтылады, туыстары бұл да нақты дәлелденбеген дейді. Олардың пікірінше, мұндай биіктен құлаған адамның тірі қалуы екіталай.
«Егер ол 25-қабаттан құламаған болса, онда әдейі төменірек қабатқа түскен болуы мүмкін, яғни қатты құлап кетпеу немесе өлмеу үшін. Мүмкін, ол қашуға тырысқан, бірақ жолы болмай, көліктің үстіне құлаған. Сонымен қатар, кейбіреулер төменде оны біреу күтіп тұрған болуы мүмкін деп айтады. Мүмкін, ол сондықтан ортақ есік арқылы шығуға қорыққан шығар, өйткені кіреберістің алдында көлікте оны күтіп тұрған адамдар болуы мүмкін. Бұған қоса, Сания оның көзінше полицияға қоңырау шалған. Ол жақын арада полиция қызметкерлері келетінін, лифтіде де оны ұстап алуы мүмкін екенін түсінген. Сол себепті ол қашуға әрекет жасаған болуы мүмкін», – дейді әпкесі.
Істің ақ-қарасы Астана мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қаралады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алғашқы сот отырысы 12 наурызға белгіленген.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды