Екі баланы жертөлеге қамап, аш қалдырған өгей әке соттан қалай құтылды?
Фото: elements.envato.com
Жамбыл облысында екі жасөспірім баланы жертөлеге қамап, аш қалдырған өгей әкені облыстық сот алқасының төрағасы 4 жылға сотталғанына қарамастан босатып жіберген, деп хабарлайды Orda kz.
Письмо к президенту telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 2024 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданында болды. Өгей әкесі баланы азаптап, ұрып-соғып жертөлеге ас-сусыз қамап қойған екен. Тіпті ас бөлмені кілттеп тамақ бермей, сарайда жатқызып, мал баққызған. Баланың туған әкесінің айтуынша, екі ұлы хабарсыз кеткен соң, іздей бастаған. Өздері таба алмаған соң полицияға арыз жазған.
«Мен бірінші әйеліммен ажырасып кеткенмін. Екі ұлым соның қолында еді. Екі ұлым хабар-ошарсыз кеткен соң іздеп, полицияға арыз жаздық. Артынша балаларды сайдың арасында аш әрі әлсіз жатқан жерінен бір аптадан соң сол арада мал бағып жүрген ер адам тауып алған. Полицияда балалардан не үшін үйден қашып кеттіңдер деп сұрағанда олар өгей әкесінен көрген қорлықтарын айтып берді. Ең сұмдығы балаларымның осыншама қорлығын туған шешелері көре тұра араша түспеген», – деді әкесі.
Ал осының бәрін көріп, балаларына еш жаны ашымаған анасы Гүлмира Мәденованың аудандық білім бөлімінде жұмыс істейтіні анықталды.
Іс қозғалып, сотқа жеткенімен Жуалы аудандық соты өгей әкені 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Алайда, артынша облыстық соттың сот алқасы төрағасы Нұрмұхамат Абидов оны босатып жіберген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық