Екі адамның өліміне кінәлі БелАЗ жүргізушісі 5 жылға сотталды
Қарағанды облысында өткен жылдың тамыз айында ішінде адамдары бар УАЗ көлігін басып кеткен БелАЗ жүргізушісі сотталды.
Оқиға 2022 жылдың 28 тамызында болған. Қарағанды облысындағы Молодёжный көмір кенішіндегі жұмыс алаңында үлкен БелАЗ көліг УАЗ машинасын басып кеткен. Шахтада жұмыс істеген екі ер адам сол жерде тіл тартпай кеткен, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.
Қайтыс болғандардың бірі 40 жаста, екіншісі 37 жаста болған. Мәліметтерді «Патриот» Telegram-арнасы анықтады. Сотта белгілі болғандай, БелАЗ бен УАЗ соқтығысқан кезде кейінгі көлікте жүргізуші мен бес жолаушы отырған. Алынған дене жарақаттарынан «Қазақ алтын Logistic» ЖШС жүргізушісі мен жолаушы-электромеханик қайтыс болған. Тағы бір жолаушы жарақат алған. Соңғы сәтте тағы екеуі сыртқа секіріп үлгерген. Көлемі үлкен көліктің жүргізушісі өз кінәсін толық мойындап, жақын маңда жұмыс істеп жатқан адамдардың бар екенін білмейтінін айтты.

Сол күні карьерде шаң болмас үшін жолға су төгілген. Сондықтан алаң тайғақ болған.
«Өрге шығып бара жатқанда ешқандай көлік көрмедім. Рациямен маған жақын жерде көлік бар екені туралы айтылмады. Мен оларды қалай соққанымды сезбей қалдым. Жәбірленушілерден өкініп, кешірім сұраймын» - , деді сотта БелАЗ жүргізушісі.
Оқиғадан аман қалғандар фидерді өшіріп, экскаваторды ауыстырмақ болғандарын айтады. Олар жақындап келе жатқан БелАЗды көргенде жүргізуші үздіксіз сигнал бергенімен, БелАЗ тоқтамаған. Қайғылы оқиғадан бірнеше секунд бұрын екі жолаушы есікті ашып, көліктен секіріп үлгерген. Олар жарақат алмаған.
Сот БелАЗ жүргізушісінің тау-кен ісіндегі марапаттарын, жұмысында ешқандай ескерту алмағанын, беделді жұмысшы екенін ескерді. Дегенмен үкім шықты: «Сотталушының кінәсі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сотталушы қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, салдарынан жүргізуші А.Т.Раздобреев пен жолаушы С.Ж.Мейірманов қайтыс болып, жолаушы В.Вавдийчик ауырлығы орташа дәрежеде дене жарақат алды.
БелАЗ жүргізушісі жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 5 жылға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге кесілді. Оны сот залынан бірден алып кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық