«Екеуінің жағдайы ауыр»: Ақтөбедегі шахтада өрт шығып, кеншілер зардап шекті
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысындағы тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде өрт шығып, 3 кеншіні күйік шалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Зардап шеккендер – жабдықтарды монтаждап жатқан кезекші темір ұсталары екені белгілі болды.
«Кеніштің тау-кен блогында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болған. Жұмысшылардың беті мен қолын күйік шалды», деп хабарлады «Казхром».
Облыстық ТЖД жұмысшылардың әртүрлі дәрежеде күйік шалғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер шахта қызметкерлерінің көмегімен жер бетіне көтерілген.
«Сағат 23:50-де жұмысшылар жедел жәрдем бригадасына тапсырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін айтты. Қазір оларға толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Екі науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Үшіншісі травматологиялық бөлімге жатқызылған. Науқастар бақылауда болады», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, 17 ақпан күні «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінде төтенше жағдай болып, 7 адам мерт болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық