Егер Мақпал Заманбекке тимесе, қазір жағдайы жақсы болар еді – Қалдыбек Құрманәлі
Танымал компазитор Қалдыбек Құрманәлі соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүрген әнші Мақпал Жүнісованың жеке өміріне қатысты пікірін білдірді.
Бұл туралы компазитор Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
«Сенің жер басып жүргенің басқа біреуге ауыр тиюі мүмкін. Адамның алдымен өнерін бағалаймын. Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тимегенде де Мақпал болып қалар еді. Онсыз да халық әртісі атанар еді.
Тіпті Мақпал Заманбекке тимесе, қазір жағдайы жақсы болар еді деп ойлаймын. Ол кезінде Заманбек Нұрқаділовтің әйелі болғаны үшін ғана баратын жеріне бара алмай, аяқ-қолы тұсаулы жүрді ғой.
Мақпал өзі тиген жоқ, Заманбек оны алды. Заманбек кімді сүйіп, кімді алады, өзі біледі. Егер Мақпал Заманбекке күйеуге тигеннен кейін әнші ретінде танылса, таланты ашылса, түсінер едім», – деді Құрманәлі.
Бұл неке туралы да тарих тұрғысынан пікір білдірді.
«Мақпал Жүнісова – тағдырлы әнші. Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан шолақ тарихта өнер адамы ретінде қалды. Сол кезде олардан да мықты әншілер болмады деп ойлайсыз ба? Осы бес адамды халықтың жүрегінде мәңгі қалдырған не нәрсе? Олардың тағдыры. Сол сияқты Мақпал мен Заманбектің қосылғаны ғасырдан ғасырға аңыз боп кете береді. Сондықтан олардың қазақ өнеріне қосқан үлесін ғана айтуымыз керек», – деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық