Егемен Қазақстан газеті мен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады?
Фото: Orda.kz
Қамаудағы Қайрат Сатыбалдының компаниясын «Егемен Қазақстан» газеті «асырап» отыр деп мәлімдеді журналист Мият Кәшібай өзінің Telegram-арнасында.
«Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік газет «Егемен Қазақстан» жыл сайын газет қағазын сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Басылым газет қағазын кейінгі жылдары тек «Дәуір Сервис» ЖШС-дан сатып алып жүр. Ал бұл компания Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның анасы Светлана Назарбаеваға тиесілі» делінген жазбада.
Журналист мемлекеттік сатып алу порталынан мысал келтіріп, «Егемен Қазақстан» мен «Дәуір Сервис» 2016 жылдан бері жалпы құны 3 млрд теңгеге 18 келісімшарт жасасқанын анықтаған.
Ең ірі келісімшарт биыл наурызда жасалған, оның құны – 1 млрд 107 млн теңге. Келісімшарттың техникалық сипаттамасына қарағанда, «Дәуір Сервис» ЖШС бір жыл бойы (2022-нің 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін) Қазақстанның 12 қаласына газет қағазын жеткізіп беріп отыруы тиіс.
«Негізі «Егемен Қазақстан» АҚ газет қағазын сатып алу үшін үнемі ашық конкурс жариялайды. Бірақ конкурсқа бір ғана компания («Дәуір Сервис» ЖШС) қатысқандықтан тендер өтпеген болып есептеледі. Ал Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, тендер жеңімпазы ашық конкурс арқылы анықталмаған жағдайда – тапсырыс беруші конкурсқа қатысқан жалғыз компаниямен «бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасуға міндетті. «Егемен Қазақстан» АҚ мен «Дәуір сервис» ЖШС арасындағы 18 келісімшарттың 16-ы осындай сценарий бойынша жасалған» дейді Мият Кәшібай.
«Дәуір Сервис» ЖШС 2003 жылы құрылған. 2019 жылдың ақпанына дейін компанияға Светлана Назарбаева иелік еткен. 2019 жылдың ақпанында компания құрылтайшыларының қатарына Светлананың үлкен ұлы Қайрат Сатыбалды қосылған.
Қайрат Сатыбалды биыл ұсталардан бір ай бұрын, ақпан айында компания құрылтайшылары қатарынан шығып кеткені белгілі болды.
Қамаудағы олигарх Қайрат Сатыбалды мен анасы Светлана Назарбаеваның «Дәуір Сервис» ЖШС-дан бөлек, «Дәуір» деп аталатын баспасы да бар. Экс-президент Назарбаевтың жақын туыстарына тиесілі бұл баспа да жыл сайын миллиардтаған теңгеге мемлекеттік тапсырыс алып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық