Есіктегі егде тартқан вахтерлар балаға қорған бола ма?
Қазан оқиғасынан кейін Татарстан мектептерінде күзет мәселесі көтеріліп, қатаң қадағалауға алына бастады. Бұл елде Республика мектептерінің 11 пайызы ғана күзетпен қамтылған екен. Ал қазақ елінде жағдай қалай? Ата-аналарымыз көрші елдегі дүрбелеңнен соң секем алып қалған секілді.
- Мектептегі балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз. Көрші елдегі жағдайдан соң, расымен де, ойланып қалдық. Балаларымыз қазір онлайн оқып жатыр. Десе де, «Сақтықта - қорлық жоқ» демекші, билік тарапынан бұл мәселенің қарастырылғанын қалаймыз. Мектептерде біліммен қатар баланың қауіпсіздігі де қатар қойылуы керек. Қазан қаласында орын алған оқиға жантүршіктірді. Мұның алдын алу үшін қауіпсіздік мәселесін ата-ана болып, барлық жерлерде көтеруіміз керек. Сондай-ақ қалалық білім ошақтарына қарасты мекемелер де күзет мәселесіне салғырт қарамауы керек деп ойлаймын, - дейді үш бала тәрбиелеп отырған ана Қарлыға Серғазина.
Ата-аналардың бұлайша алаңдауына негіз бар. Неге десеңіз, еліміздің білім ошақтарында күзет жұмысы ақсап тұр. Кез-келген мектеп не балабақшаға барсаңыз, есік алдынан сізді егде жастағы вахтер қарсы алады. Шынтуайтында, оларды мектеп басшылығы баланың қауіпсіздігі үшін емес, мектеп мүлкін қорғау үшін ғана алған.
Осы мәселеге алаңдаған мәжіліс депутаты Андрей Линник:
- Бізде кейбір мемлекеттік мекемелер алынбас қамал секілді, бес метрлік қоршаулармен қорғалып, жауынгерлермен күзетіледі. Олар кез-келген басбұзардың шабуылына төтеп бере алады. Ал мектептер мен мектепке дейінгі білім мекемелерінің ауласына кім көрінген кіре алады, - дейді.
Расымен де, осы мәселені көтеріп, қаланың біршама мектептерінің директорларына хабарластық. Олар бұл сауалға жауап беруден бас тартты. Олардың айтуына сенсек, мектепте мекеме мүлігін түнде қорғайтын күзет пен күндіз келіп кеткендерді тіркеп отыратын вахтер ғана жұмыс істейді. Яғни олардың міндетіне балаларды қорғау кірмейтін көрінеді.
Жалпы, Қазандағы қанды оқиғадан соң, біздің елдегі мектептерде күзет жұмысына қатысты талаптар күшейтіле ме? Білім ошақтарының қауіпсіздігіне кім жауапты?
Иә, біз елімізде мұндай оқиға болмайды деп сенеміз. Десе де, дәл іргемізде орын алған жағдай, ешбір жерде енді қайталанбайды деп толық сеніммен айта алмайтынымыз тағы бар. Бұл жөніндегі сауалымызды Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі кеңсесіне ресми түрде жолдадық. Енді жауабын күтеміз.
Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық