Efes Kazakhstan #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының қорытындысын жариялады
«Эфес Қазақстан» компаниясы «Eco Fund Tabigat» жеке қорымен бірлесіп, Қазақстанның табиғи ресурстарын қолдауға бағытталған #BMgoGREEN әлеуметтік жобасы нәтижесін жариялау үшін Алматы мен Семей қалалары арасында телекөпір ұйымдастырды.
Іс-шараға «Семей орманы» МОТР орынбасары Нысамбекова Әсемгүл, Абай аудандық табиғи ресурстарды басқару және Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Дамир Рақымжанов, Абай облысы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан және Алматы облысы Қарасай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Жандос Базарбаев қатысты.
Өрттен кейін ормандарды қалпына келтіру және ағаш егу көптеген жылдар бойы экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде танылды. Әрбір егілген ағаш орманның жойылуымен күресуде, көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуде, ауаның сапасын жақсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда және болашақ ұрпақ үшін экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ағаштар эрозия мен су тасқынының алдын алып, жергілікті қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және табиғи экожүйелерді сақтай отырып, табиғи кедергілер ретінде әрекет етеді.
«#BMgoGREEN науқаны қазіргі экологиялық проблемаға назар аудару және қоғамды неғұрлым саналы тұтыну мен тұрақты даму жолында біріктіру үшін құрылған. Өкінішке қарай, соңғы кездері қоршаған ортаны шарпыған және елеулі зиян келтіретін жиі болатын дала өрттері салдарынан экологиялық тұрақтылық мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола бастады. Тілсіз жаудың қоршаған ортаға және қауымдастыққа әсері қатты алаңдатады. Бүгін біз #BMgoGREEN әлеуметтік жобасы қорытындысын шығарып, «Семей Орманы» мемлекеттік жер бағдарламасы инвестициясына ағаш отырғызуға көмектескенімізге қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз табысты және ұзақ мерзімді болады деп үміттенеміз»,- деді «Эфес Қазақстан» ШК АҚ бас директоры Эртан Курт.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Алматы қаласындағы «Қарағайлы орман» экопаркінің аумағында жобаның іске қосылуына орай «Eco Fund Tabigat» басшысы Тимур Елеусізов пен «Эфес Қазақстан» ШК АҚ компаниясының жетекшілері: бас директор Эртан Курт, маркетинг департаментінің директор Зейнеп Эркан Алп, корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Чингиз Қаскеев және басқа да компания басшылары БАҚ өкілдерімен бірге орманды қалпына келтірудің символы ретінде ағаш көшеттерін отырғызған еді.
«Біздің «Eco Fund Tabigat» қоры тұжырымдамасының идеясы қоғамды, қоршаған ортаны жақсарту, экологиялық мәдениетті ілгерілету және елдегі экологиялық бастамаларды белсенді қолдау бойынша жасыл бастамаларға тарту. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экологиялық саябақтар құру жоспарымызда бар. Осы жазда үлкен трагедиядан зардап шеккен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына көмек пен қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Біз EFES Қазақстанға алғашқы инвестиция үшін алғысымызды білдіреміз»,- деп түйіндеді «Eco Fund Tabigat» жеке қорының басшысы Тимур Елеусізов.
BMgoGREEN әлеуметтік жобасы «Белый Медведь» брендінің және «Eco Fund Tabigat» жеке қорының қолдауымен осы жазда басталды. Шілдеден қыркүйекке дейін «Эфес Қазақстан» ШК АҚ компаниясы Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру және кеңейту үшін сатылған «Алтын серия» ақ аюының әр бөтелкесінен 10 теңгеден инвестиция ретінде бөлді.
«Осы жазда біз «Белый Медведь Золотая Серия» брендімен бірге Қазақстандағы қоршаған ортаны сақтау және ормандарды қалпына келтіру жөніндегі игі бастамаға арналған жобаны іске қостық. Әрбір сатылған бөтелкеден 10 теңгеден инвестициялау арқылы біз 8 000 000 теңге жинадық, оны зардап шеккен аймақтағы ормандарды қалпына келтіруге қуана-қуана жолдаймыз»,- деді маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.
Алматы мен Семей қалалары арасындағы телекөпір барысында маркетинг департаментінің директор Зейнеп Эркан Алп «Eco Fund Tabigat» басшысы Тимур Елеусізовке «Семей орманы» алқабында ағаш егуге бағытталған номиналды құны 8 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті.
Бұл Efes Kazakhstan компаниясының қоршаған ортаға қамқорлық жасау және елде экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығына назар аударуы бірінші мәрте емес, бұл бизнестің табиғатты қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауының үлгісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық