ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды
Фото: president.uz мұрағатынан
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін тығыз біріктіру туралы идеясы аймақтан тыс жерлерде де үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған себеп бүгінде Қытай, Каспий, Кавказ және Еуропа арасындағы кеңістікте бұрынғы посткеңестік тартылыс орталықтарына тәуелділігі азайып келе жатқан жаңа экономикалық және саяси шындық қалыптасып жатыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан өзара ықпалдастықты күшейтіп, сонымен қатар Әзербайжан және Оңтүстік Кавказдың басқа елдерімен байланыстарын нығайтып келеді. Көлік, энергетика, сауда, инвестициялар және Орта дәліз екі өңірді біртіндеп ортақ жүйеге біріктіріп жатқаны да рас.
Осы тұрғыдан алғанда, Мирзиёевтің ұсынысы енді жай теориялық жоба емес, көз алдымызда жүріп жатқан нақты үдерістердің көрінісі болып отыр.
Бұл жаңа өңірлік архитектураны талқылау Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі кезекті қайшылықтармен қатар жүріп жатқаны да назар аударарлық. Ұзақ уақыт бойы Орталық Азияның сыртқы экономикалық бағыттары негізінен солтүстікке қарай бағдарланған еді. Көлік бағыттарының, энергетикалық инфрақұрылымның және сауданың басым бөлігі Ресеймен байланысты болды.
Қазір бұл карта қарқынды түрде өзгеріп барады. Барған сайын Қытай – Орталық Азия – Қазақстан – Каспий – Әзербайжан – Грузия – Түркия – Еуропа бағытының маңызы артып келеді.
Бұл енді картадағы жай белгі емес. Оның артында логистика, теміржолдар, Каспий порттары, паромдық тасымалдар, мұнай құбырлары, жаңа логистикалық орталықтар және миллиардтаған инвестициялық жобалар тұр.
Орта дәліз біртіндеп мүлде жаңа өңірдің экономикалық өзегіне айналып келеді. Дәл осы жерде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің мүдделері барынша үйлеседі. Осының бәрі Қазақстан мен Өзбекстанның әлемдік нарыққа еш елге тәуелсіз шығуы қажеттігін көрсетіп отыр.
Әзербайжан үшін де Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік көпірге айналу тиімді.
Грузия транзиттік табысқа ие болады, себебі ол Түркиядан Еуропаға апаратын соңғы буын ретінде маңызын арттырады.
Қытай бұрыннан жүк жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүдделі. Еуропалық одақ Ресей аумағын айналып өтетін маршруттарға қызығушылық танытып отырғаны да белгілі. Осылай бірнеше ірі күш орталықтары мүдделері бір көлік кеңістігін дамытуға тоғысатын сирек жағдай қалыптасып отыр.
Сондықтан Мирзиёевтің ұсынысы алғаш қарағанда қарапайыым көрінгенімен экономикалық тұрңыдан әлдеқайда маңызды. Себебі әңгіме тек кезекті өңірлік ұйым құру туралы ғана емес. Бұл Еуразияда мүлде жаңа геоэкономикалық құрылым қалыптасыруы мүмкін.
Сонымен қатар Ресей мен Армения арасындағы сауда қақтығыстары балама модельдің тартымдылығын арттыра түсуде.
Аймақ елдері бір ғана нарыққа, бір ғана көлік бағытына және бір ғана саяси орталыққа шамадан тыс тәуелді болудың қаншалықты қауіпті екенін Ормуз бұғазының мысалы арқылы көріп отыр. Сондықтан Орталық Азия бүгін тек сауданы ғана емес, өзінің геосаясатын да әртараптандыруға ұмтылуда.
Егер бұл үрдіс жалғасын тапса, бірнеше жылдан кейін посткеңестік кеңістіктегі басты интеграциялық жоба ЕАЭО болмай қалуы мүмкін. Алдыңғы қатарға Орталық Азия – Каспий – Оңтүстік Кавказ атты жаңа кеңістік шығуы ықтимал.
Иә, үлкен «ағамыз» жан-жағына айбарын шашамын деп өзінің саяси беделінен айырылып жатыр. Енді саяси вертикальсыз және бірігудің әлдеқайда түсінікті қағидатымен, яғни өзара экономикалық тиімділік пен әр мемлекеттің егемендігін құрметтеу арқылы күш біріктіретін кез келген сияқты.
Бұл формат тәуелсіз мемлекеттердің мүдделеріне барған сайын сәйкес келмей жатқан ескі посткеңестік бірлестіктер дағдарысына жауап бола алар еді.
Орталық Азия енді бөгде геосаяси жобалардың шеткері аймағы болғысы келмейді. Оңтүстік Кавказ да Түркия, Қытай, Еуропа, АҚШ және Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынастың жаңа жүйесін белсенді түрде қалыптастырып келеді.
Осы жағдай аясында «Орталық Азия + Оңтүстік Кавказ» Консультативтік кеңесін құру идеясы қиял емес, керісінше, толықтай жүзеге асуы мүмкін келесі нақты қадам ретінде көрінеді. Бұл кеңес ұлттық егемендікті шектейтін ауыр бюрократиялық ұйымға айналмауы тиіс. Керісінше, оның басты күші икемділігінде болмақ.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Президент Түркістанда БҰҰ өкілін қабылдап, Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық