ЕАЭО-ның үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылы 844 миллиард доллардан асты
Сурет: strategy2050.kz
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылы 844 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі.
«ЕАЭО-ның үшінші елдермен сыртқы саудасының көлемі 2021 жылы 35,1%-ға өсіп, 844,2 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 44,1%-ға – 525,7 млрд долларға, импорт – 22,6%-ға – 318,5 млрд долларға дейін» делінген хабарламада.
Атап өткендей, ЕАЭО-ның жаңа серіктестерінің саны артты.
«2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комиссия үшінші елдердің үкіметтерімен, министрліктерімен және ведомстволарымен ынтымақтастық немесе өзара түсіністік туралы 26 меморандум, өңірлік интеграция және мемлекетаралық бірлестіктермен 12 меморандум, халықаралық ұйымдармен 44 меморандум жасасты. ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер үшінші елдермен алты сауда келісіміне қол қойды. ЕАЭО қарым-қатынастары бар үшінші елдер мен аймақтық бірлестіктердің ЖІӨ көлемі 40,4 триллион долларды (әлемдік ЖІӨ-нің 31,6%) құрайды. Бұл елдердің халқы 3,9 млрд адамды құрайды (әлем халқының 51%)» деп хабарлады ЕЭК.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық