ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы анықталды
Зерттеуге сәйкес, ЕАЭО елдерінің ішіндегі ең жасы үлкен министрлер Ресейде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ranking.kz порталы.
Министрлер жасына қарай министрліктердің рейтингі жасалды. ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы 49 жас екені атап өтілген.
Рейтингтегі ең жас Армения министрлері болды. Олардың орташа жасы - 45 жас. Арменияның ең жас министрі - әділет министрі Рустам Бадасян. Ол 30 жаста.
Келесі кезекте Қазақстан Республикасы тұр. Біздің министрлердің орташа жасы - 48 жас. Елдің ең үлкен министрлері - ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста) мен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жаста).
Министрліктердің ең жас басшылары: жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Иргалиев (33 жаста); Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста); Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38 жаста).
Ең жасы үлкен министрлер Ресейде жұмыс істейді. Олардың орташа жасы - 52. Ресейдің ең қарт министрі - сыртқы істер министрі Сергей Лавров (70 жаста).
Жаңалықтар
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады
- Трамптың Қытайға сапары «мұзды жібіту» әрекеті деп бағаланды
- Израиль мен Ливан өзара бітімді 45 күнге ұзартты
- Кәмелетке толмаған төрт жасөспірім терроризм туралы жалған хабарлама үшін ұсталды
- АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақты жоспарын қабылдамады
- «Өтелмеген парыз»: Қазақстанның Ауғанстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі туралы фильм жұртты толқытты
- Тоқаев: Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашады
- Бекіре-2026: Жайық–Каспий аумағынан 7 тоннадан астам балық заңсыз ауланған
- «Әке, байқашы…»: Алматы-Жаркент тас жолында 13 жастағы баланы мерт қылған жүргізуші бостандықта жүр
- Темір құрамын қолдан көтерген 190 миллиондық схема ашылды
- Ұшақтан 14 рет құлаған: Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
- Президент Түркістанда БҰҰ өкілін қабылдап, Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады
- Қазақстандық банк жүйелерін балағаттаған ресейлік қамауға алынды
- Forbes жариялаған Қазақстандағы 44 жасқа дейінгі ең бай сегіз бизнесмен кім?
- Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?