Ең жоғары зейнетақы мөлшері қанша? Оған БЖЗҚ жауап берді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, жасына қарай ай сайынғы төлемнің ең көп мөлшері 522 610 теңге болады.
Азаматтардың зейнетақысы базалық, жинақталған және қаржыландырылатын компоненттерден тұрады.
Қазіргі уақытта 1998 жылға дейін жұмыс істеген зейнеткерлер базалық және ынтымақтастық зейнетақыларын алады. Егер олардың қаржыландыру жүйесінде тәжірибесі болса, онда олар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алып үлгерді немесе енді алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректері бойынша 2021 жылдың қаңтарында 167 423 алушыға 73,8 миллиард теңге төленді, оның ішінде:
- біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына трансферттер - 9,1 млрд.теңге;
- зейнет жасына жеткенде - 6,5 млрд.теңге;
- мұрагерлік бойынша - 5,9 млрд теңге;
- тұрақты тұруға кетуге байланысты - 2,1 млрд теңге;
- жерлеуге - 0,4 млрд.теңге;
- мүгедектікке - 0,2 млрд.теңге.
Кесте бойынша орташа айлық төлем (зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты) 25 886 теңге, ал ең жоғары айлық төлем 522 610 теңге болып отыр. Өткен жылы БЖЗҚ-дан максималды төлем – 506 980 теңге болды.
Жалпы, БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде бұл сома 2,2 трлн теңгеге немесе 21% өсті, деп қосты қор.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық