Дзюдошы, чемпион Дамир Исахановты неге пышақтап кеткені белгілі болды
Фото: instagram / Талғат Мәзібаев
Дзюдошы Дамир Исахановтың танысы оған неліктен шабуыл жасағаны жайлы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Спортшының көп қарызы болған. Бұл оқиғаға себеп болуы мүмкін, деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Заңгер Әлішер Әлішевтің айтуынша, кейбір адамдар Дамир Исахановқа көп ақша қарыз болған.
«Шамамен 300 мың доллар қарыз болған. Жартысын үйін беріп, қайтарып, қалғанын бермеген. Олар мейрамхана қасына кездесу белгілеген. Дамир маған хабарласып, заңгерлік кеңес керек болғандықтан, менімен бірге жүруді сұрады. Бізбен бірге Дамирдің енесі де барды. Біз жақын жерде едік және бәрін көрдік», – деді Әлішов.
Orda.kz өткен дүйсенбіде болған оқиға жайлы жазған болатын. Тұрақтағы төбелесті бақылау камерасы түсіріп алған. Бір сәтте таныстары Дамирді көліктер арасындағы өткелге кіргізеді. Біраз уақыт өткен соң олар тез тарап кеткен. Қайын енесі мен заңгер қансыраған спортшыны субұрқақ жанынан тапқан.
Қазір спортшының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Тергеу мәліметтері әлі жарияланған жоқ.
Дамир Исаханов – спорт шебері, Азия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы дзюдо бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. 1 қазан күні ол жүрек тұсына пышақ сұққанына қарамастан аман қалғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады
- 30 жыл бойы заң қабылдаған Сенаттың соңғы отырысы өтті
- АҚШ пен Иран келіссөзге келді: Дохада өтетін кездесуге дейін Ормуз бұғазындағы шиеленіс бәсеңдеуі мүмкін
- Соққыдан аударылды: Алма-Арасан шатқалында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
- Албанияда ұсталған қазақстандық экстрадицияланды: ҰБТ-ға «кепілдікпен түсіремін» деп 28 млн теңге алған
- Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді
- ӘЧ-2026: Месси, Мбаппе және Роналду плей-офф кезеңінде бақ сынайды, шешуші кезең басталды
- Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға тағы да уәде берді
- Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті