Джо Байден Украинадағы жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жағдай бойынша жаңа мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Путин өзін не күтіп тұрғанын білмеді». Дәлірек айтқанда Владимир Путин Украинаға шабуыл жасаған кезде Батыс елдері оған жауап береді деп ойламаған.
BBC басылымының хабарлауынша, Байден Путинға қолданылған экономикалық шаралар туралы айтқан.
«Алты күн бұрын Путин еркін әлемнің негізін әлсіреткісі келді. Осылайша тәуелсіз әлем ол төндірген қатердің алдында иіледі деп ойлады. Бірақ қатты жаңылысты.
Украинаға кірсем, әлем төңкеріліп кетеді деп ойлады. Алайда оның орнына өзі де елестете алмаған мықты қорған – украин халқы қарсы алды» деді Джо Байден.
Оның айтуынша, Ресей бастаған соғыс алдын ала жоспарланған, оларды ешкім арандатпаған.
«Ол бір емес, бірнеше рет жасалған дипломатиялық талпыныстарды кері қайтарды. Батыс пен НАТО жауап бермейді, осылайша бізді екіге бөледі деп ойлады. Путин қателесті. Ал біз дайын болдық» деді АҚШ президенті.
Сондай-ақ, Байден АҚШ әскері Украинаға кірмегенімен, НАТО елдерін қорғауға дайын екенін айтты.
«Біздің күштер Украина мен ресейлік әскерилердің ұрысына араласпайды. Біздің әскерилер Украинада соғысу үшін Еуропаға бармайды, бірақ біздің НАТО-дағы одақтастарымызды қорғайды» деді Джо Байден.
Байден Америка өз одақтастарын, атап айтқанда Польша, Румыния, Латвия мен Эстонияны қорғау үшін барлық күшін жұмсайтынына сендірді.
Ол сондай-ақ Ресей Украинаға басып кірместен бұрын жақсы дайындалғанын айтты.
«Біздің еуропалық одақтастарымызды біріктіру үшін сансыз сағаттарды өткіздім. Одақтастарымызбен бірге біз қазіргі уақытта мықты экономикалық санкцияларды енгізіп жатырмыз. Одақтастарымызбен бірге еркіндік үшін күрескен украиналықтарға қолдау білдіріп жатырмыз. Әскери көмек. Экономикалық көмек. Гуманитарлық көмек. Украинаға 1 млрд доллар көлемінде тікелей көмек жіберудеміз» дейді Джо Байден.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық