Джо Байден Омарова туралы: Сәуле Америка халқына баға жетпес болашаққа үміт сыйлайтын еді
АҚШ президенті Джозеф Байден Америка Құрама Штаттарының ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына өз кандидатурасын алып тастаған Сәуле Омароваға қолдау көрсетті және оған шабуыл жасауды орынсыз деп атады.
CNBC ақпараты бойынша, Джо Байден Сәуле Омарованы Америка халқының атынан болашақтың жарқын көрінісі деп атаған.
– Мен Сәулені қаржылық реттеу саласындағы терең тәжірибесі мен жеке және мемлекеттік секторлардағы бұрыннан келе жатқан құрметті мансабының арқасында, сондай-ақ осы саладағы жетекші ғалым ретінде ұсындым. Тұтынушылар мүддесін және біздің қаржылық жүйе қауіпсіздігі мен тұрақтылығын табанды қорғаушы ретінде Сәуле Америка халқының атынан біздің маңызды жұмысымызға баға жетпес түсіністік пен болашаққа үміт сыйлайтын еді, – деді Байден.
Ол Сәулеге жасалған шабуылдарды «жеке басқа тиісушілік және орынсыз» деп атады және бұл шабуылдар «рұқсат етілгеннен асып кетті» деп атап өтті.
Еске салсақ, Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ қаржы министрлігінің валюталық бақылау департаменті басшысы қызметінен бас тартты.
Бұған дейін оны бұл лауазымға АҚШ президенті Джо Байден ұсынған. Дегенмен, Сенатта өткен тыңдауда Омарова қатаң сынға ұшырады.
Омарова өткен өмірін ақтауға мәжбүр болып, өзінің коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелеріне коммунизм әсер етпегенін айтты.
– Мен Сәуле Омарованың Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым, – делінген Байденнің мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық