Джо Байден, Кәрім Мәсімов пен Кеңес Рақышев сыбайластығы

cover

Батыстық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Джо Байденнің ұлы Хантер қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтен ақша алған және Мәсімовті «жақын досым» деп атаған.

Батыс ақпарат құралдары республикамыздағы оқиғаларды жіті бақылап отыр. Ұлыбритания парламенті санкция салуды жоспарлап отырған қазақстандық элита жиі халықаралық тілшілердің назарында. Осылайша, кейбір басылымдар Батыстың жоғары лауазымды шенеуніктерінің қазақстандық саясаткерлермен және олигархтармен байланысы туралы әшкереленген мәліметтерді жариялауды жалғастыруда.

Orda.kz тілшісі бизнесмен Кеңес Рақышев, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен АҚШ президентінің ұлы Джо Байденнің жақын қарым-қатынасын растайтын шетелдік баспасөзге шолуды назарларыңызға ұсынады.

Олардың бірге түскен суреті 2020 жылғы АҚШ-тағы сайлау қарсаңында АҚШ президенті Джо Байденнің ұлына қатысты үлкен саяси жанжал кезінде пайда болды. Хантер Байденге Украинадағы ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі - Burisma Holdings директорлар кеңесінде миллиондаған доллар жымқырды деген айып тағылды, деп жазады Breibart басылымы.

Кіші Байден алған ақшасын есірткі мен ішімдікке жұмсады, деп хабарлайды Washington Post. Хантер Байден өзінің «Жақсы істер» кітабында әкесі Джо АҚШ  вице-президенті болған кезде украиндық компанияда жұмыс істеу этикаға жатпайтынын жазды. Ол әкесінің саяси мансабы көмектескенін мойындады, бірақ оның айтуынша «заңсыз ештеңе істемеген».

Хантер Байден де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-нан ақша алған болып шықты. Қазіргі уақытта Burisma Holding порталы қолжетімді емес, бірақ «Ұрланған активтерді іздестіру және қайтару жөніндегі қазақстандық бастама» сайтында 2014 жылы ҚР Премьер-министрі қызметін атқарған Кәрім Мәсімовтің астанада сол кездегі Burisma Holding басшылығын жылы қарсы алғаны жазылған. Кездесу нәтижесінде ҚМГ мен Burisma Holdings арасында сейсмикалық барлау, бұрғылау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісімге қол қойылды.

Маңызды мәлімет: хат алмасу барысында Хантер Байден Мәсімовті «жақын досым» деп атады, деп жазады New York Post.

Кеңес Рақышев Джо Байденнің ұлымен дос болды, өйткені оған қамқорлық қажет еді, себебі АҚШ билігінің Рақышевтың банк бизнесіне қатысты сұрақтары бар еді. Ал қазақстандық кәсіпкер осыған байланысты кейбір қиындықтан қорқады, деп жазды «Незыгарь» тeлеграм  арнасы.

 «2014 жылы Рақышев БТА Банкі акцияларын шоғырландырып, көп ұзамай БТА-ны өзінің Казкоммерцбанкімен біріктірді (заңды тұлғаны біріктіру  – есесп-қисаптағы алаяқтықты жасырудың ескі айласы).  Капиталдың пайда болу көзі туралы  сұрақтарды Рақышевқа Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдері де қойды. Рақышев  ұйым арқылы кірісінің бір бөлігін заңдастыруға тырысты. Оның үстіне 2013 жылы АҚШ прокуратурасы Рақышевты заңдарды және халықаралық сыбайлас жемқорлық схемаларын бұзғаны үшін тексерген. Бірақ әкесі вице-президент болған Хантер Байденмен жылы кездесулерден кейін Кеңеске қатысты барлық сұрақтар аяқ астынан  жоқ болды», - деп хабарлайды «Незыгарь» телеграм арнасы.

Америкалық саяси кеңесші Питер Швейтцер Ред штатына Хантер Байденнің Кеңес Рақышев жіберген Швейцария банкіндегі шотында 145 мың доллар болғанын айтты.

« 2021 жылдың соңында Хантер Байден тағы да жанжал ортасынан табылды. АҚШ Делавэр прокуратурасы «күдікті шетелдік транзакцияларды» тергеді. Тергеушілер американдық көшбасшының ұлының ноутбугын тексеріп, одан Хантер Байден мен Рақышевтың 2012-2014 жылдар аралығында бірге жұмыс істегенін көрсететін құжаттарды тапқан. Рақышев Хантер Байденге 1 миллион доллар инвестициялаған. Сондай-ақ, ноутбуктағы құжаттарға сәйкес, Рақышев Бурисма ісі бойынша басқа айыпталушылармен, соның ішінде Хантер Байденнің іскер серіктесі Девон Арчермен байланысты болды» деп жазады The Sun газеті.

АҚШ президенті Джо Байден оның отбасының іскерлік байланыстары мен бизнесіне қатысы барын жоққа шығарады.

«Мен ешқашан туыстарымның бизнесі туралы сұрақ қойған емеспін және олармен бұл туралы ешқашан сөйлескен емеспін» деп келтіреді Politico Байденнің сөзін.

«Сонымен бірге оның ұлы Хантердің Кеңес Рақышев пен Кәрім Мәсімовпен түскен суреті АҚШ-тың қазіргі басшысының ұлының бизнес-процестеріне араласпағаны туралы сөздерін жоққа шығарады» деп жазады Breibart.

Ұлыбритания қазақстандық элитаға қарсы санкция салуды көздеп отыр. Санкциялар шетелдік жемқор шенеуніктерді анықтап, олардың активтеріне және Ұлыбританияға кіруге тыйым салады.

Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ҚР ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін екі айға қамауға алынды. Ол мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар