Джей Лоның концерті Алматыға қанша табыс әкеледі?
Фото: depositphotos.com
Алматыда 10 тамызда өтетін Дженнифер Лопестің концертін ұйымдастырушылары қала бюджетіне қанша табыс әкелетінін айтты, деп хабарлайды Орда.kz.
13 маусым күні өткен баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне келетін әр үшінші көрерменнің біреуі шетелдік екенін айтты. Атап айтар болсақ, Қырғызстан мен Ресейден бастап, АҚШ, Сауд Арабиясы және тіпті Мексикаға дейін 29 елден көрермендер билет сатып алғанын мәлімдеді.
«Билеттердің 30%-ын шетел азаматтары сатып алды. Бұл шара өтетін кезде Алматыға туристер ағылып келетінін білдіреді», деді ұйымдастырушылар.
Алматы қаласының туризм басқармасы шетелдік туристер қалада орта есеппен 1,5 мың АҚШ долларын жұмсайтынын есептеп шықты. Бұл қаражаттың көп бөлігі шағын және орта бизнеске түседі. Сондықтан Джей Ло концерті жергілікті кәсіпкерлерге, әсіресе қонақ үйлер мен дәмханаларға қосымша табыс тартуға сеп болады.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясында америкалық әншінің концертіне билеттерді әлі де сатып алуға болатыны айтылды.
Бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыда Орталық стадионда концерті өтетін болған соң, 10 тамызға жоспарланған «Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы футбол ойыны кейінге шегерілгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық