Дүние жинап нетесің... марқұм Болат Назарбаевтан қалған байлықтың тағдыры
Коллаж Orda.kz
Orda.kz редакциясы шартты түрде «Көне Қазақстан» деп аталатын топтың мүлкін іздеп табуды жалғастыруда. Дегенмен табылған шексіз байлықтың ауқымы мен құны ауыз аштырады. Бұл жолы «Қайтарылған активтерді басқарушы компания» Алматы орталығындағы кеңсені аукционға қойды. Бұған дейін ол экс-президенттің марқұм ағасы Болат Назарбаевқа тиесілі болған.

Аумағы 1700 шаршы метр, жер телімі 0,4 гектар болатын ғимарат қала орталығындағы Бостандық ауданында орналасқан. Ғимарат 1953 жылы салынып, 1997 жылы толық жөндеуден өткен.

«Меншік өте тиімді жерде орналасқан, себебі ол Алматының қақ ортасындағы тікелей әкімшілік, сауда және мәдени орталығында орналасқан. Бұл өз кезегінде бұл мүлікті одан да қымбат әрі тиімді етеді. Елдің элитарлық және мәдени университеттері жаяу баратын қашықтықта орналасқан» делінген ғимаратты бағалау есебінде.
Мақсаты бойынша пайдаланылып жатқан екі қабатты әкімшілік ғимараттың құны 1,8 млрд. теңге. Аумағында гараж, автотұрақ бар, ауласы жасыл желек пен көгалға көмкерілген. Қолайлы әрі ұқыпты көрінеді. Дегенмен, ғимараттың ішкі көрінісі ерекше стильді, сыртқы қатаң келбетіне қатты қарама-қайшы келеді.

Ғимараттың ішкі көрінісі сән-салтанатты паш етеді, өте қымбат интерьер көзге ұрады. Ішкі жағы алтын жапырақпен жарқырата өрілген: қабырғалары мен төбелерінде монограммалар мен өрнектер, мәрмәр едендер, алтын жалатылған баспалдақ қоршаулары, құшақ жетпес люстралар. Сары алтынның жылтыры бұл жерге ерекше сығандық жарқырау береді. Бір қарағанда, сіз бұл кеңсе деп айта алмайсыз, тек алтын дәретханалар жетіспей тұр демесеңіз, жылтыр алтын түстен кенде емес. Дегенмен, барлық бөлмелер бұлай емес.
Құжаттарға қарағанда, бұл ғимаратты 2019 жылы сол жылы салынған «BN Invest Capital» ЖШС сатып алған. Оның негізін қалаушы және жетекшісі сол кезде Болат Назарбаев болатын. Компания әлі де бар, бірақ оны енді дәл осы атаумен итпен іздеп таппайсыз.

2023 жылдың ақпан айында ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы белгілі Қуат Ахметов болды (шамасы, іздеуде жүрген «тіл патрулін» ұйымдастырушы Қуат Ахметовпен аттас). Жаңа меншік иесі бола отырып, ол «DBS-Trade Company» ЖШС атауын өзгертті, ал жеті айдан кейін ол компанияны жаңа құрылтайшыға - белгілі Ферман Асратовқа сатты (немесе берді).

Компания клиенттерге коммерциялық және басқару мәселелері бойынша кеңес береді. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, бұл ғимаратта жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Сауда саттықтың бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге.
Ерскерту: Қолданылған фотолар: e-auction.e-qazyna.kz алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық