Дубайға барып, құлдыққа тап болған қазақ баласы табылмай жатыр
Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті.
Бүл туралы LIFE09 ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Тайланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін мәлімдеген. Бірақ 27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған.
Жоғалған азамат соңғы хабарламасында түсініксіз жәйттардың болып жатқанын достарына ескертіпті.
«Золотой треугольник» деген жерге келгенше 10 постан өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық жігіт, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді. Сатудан қажетті ақшаны таппасаңдар, ақшаны өздерің төлейсіңдер деп айтты. Ал ол ақшаны өтеп бере алмасаң ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер» делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында.
Жоғалған қазақстандық азаматтың достарының айтуынша Исламды құлдықта ұстап отыруы мүмкін дейді.
Мемлекеттік органдар жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс істеуде. Аталған жерде заңның күші аса жүре бермейді. Бұрынғы тәжірбиелер көрсеткендей, ол елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық