Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуро қарыз бермек
Бүгін парламент мәжілісі «ҚР мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Демек банк Қазақстанға 345 млн еуро қарыз береді. Бұл туралы бүгін мәжіліс отырысында белгілі болды.
— Биыл шілдеде 345,7 млн еуро қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда, жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Жамаубаев.
Жамаубаевтың айтуына қарағанда, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор+айнымалы спред, біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 %-ін, резервке қойғаны үшін комиссия қарыз қаражатының игерілмеген қалдығына жылдық 0,25%-ті құрайды.
Айта кетейік, ақша қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық