Дүкендегі бағалармен 70 мың теңгені 30 күнге қалай жеткіземіз? - Ринат Зайытов билікке үндеу тастады
Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жоғары билік өкілдеріне үндеу тастап, тапқан нәпақасы қант-шайынан аспайтын халықтың қазіргі хәл-жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берулерін сұрады.
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловқа,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қаринге,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Босымбекқызы Дуйсеноваға,
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа.
Бұл хатты жоғарыда аты аталған лауазымды тұлғаларға жолдауымның себебі, қойылғалы тұрған сұрақтың нақты жауабын тек солар ғана бере алатынын білемін. Өкінішке қарай, көтерілгелі тұрған мәселе жалғыз Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғана емес, күллі халықтың қабырғасына батып тұр.
Құрметті хатта аты көрсетілген ханымдар мен мырзалар!
Мен Қазақстан Республикасының азаматы, мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, айтыскер ақын және өткенде ғана өткен Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде тікелей болып, президентті өз көзімен көріп, айтқанын өз құлағымен естіген адам ретінде сіздерге бір сұрақ қойғым келеді.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматы қаласына ғана емес, Қазақстан мемлекетінің барлық аумағына атадан қалған асыл мұра - ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңаша үлгіде таныстырып, насихаттап отырған бірден-бір мекеме.
Менің бұл Театрға тағайындалғаныма 703 күн болды. Аталған уақыттың ішінде Қазақстанда Ұлттық өнерге, мәдениетке бар күш-жігерімен үлес қосып, өз мемлекетінің қарыштап дамуын қалайтын азаматтардың бар екеніне менің көзім әбден жетті.
Ол аталмыш Театрдың ұжымы.
Жанға бататыны, жұмысын адал істеп, әкімдіктің жұмсағанына жүгіріп, керегіне жарап, жаңа Президентпен жаңаша өмір сүруге үміттеніп отырған қызметкерлердің жағдайын қанша жасырсақ та күннен-күнге төмендеп барады.
Өйткені, айналаны жайлаған қымбатшылық Театрды да айналып өтпейтіні анық. Күні кеше, біздің депутаттардың ішінен «Қазақстанда кез-келген азаматтың өмір сүруі үшін айына 100 мың теңге жетеді»,- деп жұртты шулатыпты. Халық депутатты жерден алып, жерге салып «100 мың теңге қайда жетеді?»,- деп өкпеледі.
Дәл осы кезде екі жылға жуық уақыт бойы бірнеше бухгалтерлермен ақылдасып, өзім жауабын таппай жүрген бір сұрақты өздеріңізге қоюға бел будым.
Ендігі сұрақ: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кассирі А.М.Сәрсенова үш баланың анасы, ипотека төлеп отыр, айлығы - 74 705 тг. Дәл осындай жағдайдағы контролер Г.У.Рахымғалиева 72 791 тг алады. Ал үйі жоқ үш баланың анасы контролер Р.С. Табанова 67 044 тг айлықты қанағат тұтуға мәжбүр. (Тағы сол сияқты 100-ден аса мысал келтіріп бере аламын).
Айтыңыздаршы, дүкендегі бағалармен балалардың қарапайым негізгі қажеттіліктерін ескере отырсақ, көрсетілген ақшаны олар 30 күнге қалай жеткізбек?!
Жауабын сіздер білулеріңіз керек. Олай дейтін себебім, Мемлекеттің шешуші лауазымдарына орналасып, теледидардан «Қазақстан дамып келе жатыр, елдің жағдайы жаман дейтіндер экстремистер, популистер мен арандатушылар» деп айдар тағып отырған өздеріңіз.
Мені де сол қатарға оңай қоспауларыңыз үшін сұрағыма қанағаттанарлық жауап тауып бере алсаңыздар қызметімді өз еркіммен босатып, сіздердің тараптарыңызға бірде бір жаман сөз айтпай, берген барлық мадақ-атақтарыңызды қайтарып беріп, сонымен қатар айтыстан ұтқан «Асыл домбырамды» сыйға тартуға уәде беремін.
Ертеңге деген үмітпен Ринат Зайытов» деп жазды ол өз үндеуінде.
Жаңалықтар
- Иран Американың Кувейт пен Иорданиядағы әскери нысандарына жаңа соққы жасады
- Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды