«Дубай шоколадын» сатам деп 3 жылға сотталды
Фото: Pexels
«Дубай шоколадын» сатам деген желеумен 10 адамды алаяқтықпен алдап, 300 мың теңгеден астам қаражатты жымқырған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты материалдарына сәйкес, ол Дубай шоколад сатамын деген сылтаумен 10 адамды алдап, 301 мың теңге иемденген. Айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің көрсеткен айғақтары, банктік аударымдар туралы мәліметтер және іс материалдары негізінде дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы 3 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап айыпталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сот жеңілдететін мән-жайларды ескерді, себебі айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеген. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
Нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 3 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық