ДСМ: Сыбайлас жемқорлық туралы дереу 1414 нөміріне хабарласыңыз
Фото: Pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа бақылауды күшейтпек.
Осындай жағдайларға байланысты ведомство Қазақстан халқына хабарлама таратты.
«Егер сіз медициналық көмек алу кезінде медициналық қызметтердің қолжетімділігіне шектеулер, сыйақы талап ету немесе сыбайлас жемқорлық сипаттағы басқа да әрекеттерге тап болсаңыз, дереу 1414 нөміріне хабарласыңыз. Өтініштерді Бірыңғай байланыс орталығы операторлары тіркеп, тиісті медициналық ұйымдарға қарауға жібереді» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.
Әрбір істі қараудың толық ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық хабарламалар бір уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) ішкі қауіпсіздік қызметіне және Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері расталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат құқық қорғау органдарына да беріледі.
Сол сияқты қазақстандықтар енді дәрі-дәрмектің шекті бағасын да онлайн қадағалай алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық