ДСМ: Екпеге қарсы ата-аналар арасында оң көзарас арта түсті
Сурет ашық дереккөзден
Елімізде қызылшаға қарсы қосымша 1,5 миллион доза вакцина сатып алынады. Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы 500 мың қосымша доза келесі аптада келеді деп күтуде, тағы миллионы желтоқсанның ортасында келеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың басым бөлігі балаларға салынатын екпеге жұмсалады. Сонымен қатар 136,8 мың медицина қызметкерін вакциналау жоспарлануда.
Қызылша ауруының көбеюіне байланысты қосымша вакциналау қажеттігі туды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 13 103 жұқтыру жағдайы тіркелген. 83 пайызға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Оның үстіне, науқастардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.
«Қызылша ауруы барлық облыстарда тіркелді. Аурудың ең жоғары көрсеткіші Шымкентте – 2283 жағдай, Алматыда – 2217 жағдай, Жамбыл облысында – 1605 жағдай және Атырау облысында – 940 жағдай», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.
Денсаулық сақтау министрлігі миллионнан астам халқы бар қалаларда аурудың көп таралуын тұрғындардың көптігімен және соның салдарынан инфекция жұқтыру ықтималдығының жоғарылауымен түсіндіреді. Бірақ департамент балаларына екпе салудан бас тартқан вакцинаға қарсы ата-аналардың жағымсыз әрекеттерінің де кедергі болып отырғанын жоққа шығармайды.
Бұл ретте олар мынадай фактіні келтіреді: сырқаттанушылық көрсеткіші өскен сайын қызылшаға қарсы екпе алғысы келетіндер де, оның ішінде бұрын вакцинадан бас тартқан ата-аналардың да екпеге деген оң көзқарастары арта түскен.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады