Достияровтың бостандығын талап еткен белсенділер аштық жариялады
Демократиялық партия бастамашыл тобы азаматтық белсенді Абзал Достияровтың босатылуын талап етіп, аштық жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
6 шілде күні Алматы қаласында Демпартия өкілдері митингке шықты. Белсенділер жеті сағаттан аса арнайы жасақ қоршауында болып, Ырысбек Тоқтасын мен Дәурен Достияров ұсталды. Екі белсенді шығатын уақытта Абзал Достияров пен Әлімжан Ізбасаров ұсталып, қамауға алынды. Достияров өзіне қысым жасалғанын айтып, абақтыда аштық жариялады.

Абзал Достияров 14 шілде күні 6 күнге әкімшілікке қамауға алынған. Ол өзіне қысым жасалғанын айтып, абақтыда аштық жариялады. 19 шілде күні босап шығады делінген белсендіні тағы да 15 тәулікке қамау туралы шешім шыққан. Оған қандай айып тағылғаны белігісіз.
Демпартия белсенділері сегіз адам болып «Достияров бостандыққа шықсын» деген талаппен Алматы қалалық полиция департаментінің алдында аштық жариялаған.

Аштық жариялағандарға жан-жақтан қолдау көрсетіп, су алып келіп жатқандар бар. Сонымен қатар Демпартия жақтастары өзге өңірлерден де келуде.
Абзал Достияров адвокатының болжамына сай аппеляциялық сот бүгін кешкі уақытқа қарай болуы мүмкін.
Жанболат Мамайдың айтуынша, аштық жариялағандар 19 шілденің кешінен бастап полиция департаментінің алдында түнеген.

– 19 шілде күні 20:00 ден бастап аштық жариялағанымызды мәлімдедік. Біріміз мына тұрған беседкада түнедік, біріміз көлікте жаттық. Наразылықтарымызды әлі де жалғастырып жатырмыз. Бірінші күні ПД басшылығы, әкімшіліктен адамдар келді. Олар «департамент алдында отырмасаңдар болды, былай шетте отыра беріңдер» деді. Тек су ішіп жатырмыз, бір-екі адамымыз денсаулығына байланысты шығып кетті, бірақ орнына басқа адамдар келді, - дейді Мамай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық