Досаевпен қоштасу, журналистерге қысым, көлеңкеден шыққан екінші үміткер: Алматы әкімі қалай ауысты
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматыда Ерболат Досаевпен қоштасты. Таңертеңнен бастап әкімдік маңында күшейтілген күзет тұрды. Журналистерге түсірілімге тыйым салынды, полициямен қорқытты. Сол уақытта мәслихат қаланың тағдырын шешіп жатты. Сессия қалай өтті, Досаев не айтты және Президент жаңадан тағайындалған әкімге қандай тапсырмалар жүктеді – осының бәрі туралы Orda.kz таратады.
Таңнан бастап әкімдік алдындағы күзет күшейтілді
Республика алаңын полиция қоршауға алды. Қауіпсіздік қызметінің мамандары Orda.kz журналисіне түсірілім жасауға тыйым салып, фото мен видеоматериалдарды өшіруге мәжбүрледі.

«Түсірілімді тоқтатыңыз!» – деді форма кигендер ызаланып.
Бұл уақытта мәслихат депутаттары жаңа әкімді бекітуге дайындалып жатқан еді.

30 минуттық демократия
Дауыс беру бюллетенінде екі кандидат көрсетілді — Дархан Сатыбалды мен әкімнің орынбасары қызметін атқарған Бейбіт Шаханов. Шахановқа дауыс берген депутаттардың бірі — Тимур Елеусізов — дауыс беру қалай өткенін айтып берді:
«Атмосфера ерекше болды. Депутаттар бірауыздан келісе кеткен жоқ, әркім өз пікірін білдірді. Бұл — тежемелік әрі тепе-теңдік қағидатының бар екенін көрсетті. Мен Бейбітті танимын, онымен жұмыс істедім, сондықтан оның кәсібилігін ескеріп, оған дауыс бердім. Басқа депутаттар Сатыбалдыны қолдады. Әркім өз пікірінде қалды».
Депутат Тимур Сүйменов сессия күні Президенттің жарлығынан бұрын неге бекітілгенін түсіндірді. Заң бойынша мәслихат жаңа әкімді тек Президент ұсынысынан кейін бекітуге құқылы.

«Бұл Мәжілістегі тәртіпке ұқсас. Үкімет депутаттарға жоба береді, олар қарап, шешім қабылдайды. Мұнда да солай. Мәслихатқа кандидаттар ұсынылды, олар қарап, бірден Президентке ұсыныс енгізді. Бұл — демократиялық қоғамдағы қалыпты тәжірибе».
Күшейтілген күзетті депутат Премьер-министр Олжас Бектеновтің әкімдікте болуымен байланыстырды. Ал Досаев басқарған жылдары қалада не өзгерді деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Сатыбалды — мәслихат таңдауы
Дауыс беру қорытындысы бойынша мәслихат Дархан Сатыбалдыны ұсынды. Біраз уақыттан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.
Orda.kz журналистері әкімдік кіреберісінде бірнеше сағат бойы күтіп тұрды. Мәслихат түсініктеме береміз деп уәде еткенімен, баспасөз қызметінен ешкім шықпады.
Кейін Үкімет баспасөз қызметі жиын қорытындысымен бөлісті. Онда премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан бұрынғы әкімге алғыс білдіргені жазылды.
«Жиын барысында Мемлекет басшысының Алматы қаласының әкімі қызметіне екі кандидат – Дархан Сатыбалды мен Бейбіт Шахановты ұсынған хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде 23 депутат Дархан Сатыбалдыға, 9 депутат Бейбіт Шахановқа дауыс берді» деп жазылған хабарламада.
Президент Тоқаев жаңа әкімге қаланың дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді: экономиканы жақсарту, инфрақұрылымды жаңарту, жолдарды, экологияны, өнеркәсіпті, туризмді, IT мен креативті салаларды дамыту.
Досаевтың «соңғы» сөзі
Қызметінен кетер кезде Ерболат Досаев бюджет өсуі, қаланы жаңғырту туралы айтып, Президентке алғыс білдірді:
«Ең алдымен, туған қалама қызмет етуге мүмкіндік берген Мемлекет басшысына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік болды. Соңғы үш жылдан астам уақытым — мен үшін үлкен сын мен маңызды жетістіктерге толы кезең. Бұл кезеңде тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған түбегейлі өзгерістер болды».
Досаев Алматының болашағына сенетінін, заманауи әрі өмір сүруге қолайлы мегаполис болуға тиіс деп санайтынын айтып. Осы сөздермен ол қоштасу сөзін аяқтады.

Дархан Сатыбалды туралы қызықты деректерді мына жерден оқуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық