"Досаев, жүрегімді жараладың". Алматылық феминистер тағы да пикет өткізді
Алматыда әйелдер құқығы үшін күресіп жүрген белсенділер Жанар Секербаева мен Кәмила Еңсеген 8 наурызда шеру өткізуден бас тартқан қала билігінің назарын аудару мақсатында бір кісілік пикет өткізді.
Жанар Секербаева қолына "арманындағы маршқа" және Ерболат Досаевқа деген "махаббатын" білдіретін "валентинканы" ұстап келген. Ол әкімнің өз жүрегін жаралағанын ирониямен айтты.
"8 наурызда шеру, митинг болуы керек. Шеруді өткізуге небәрі үш сағат уақыт сұраймыз. Біздің үндемей, үйде отырайын деген ниетіміз жоқ", - дейді белсенді.
Ал Кәмила Еңсеген тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. Ол бұрынғы министр Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді.
"Бұл әйелдердің қоғамда құқығы қорғалмағынын білдіріп тұр. Өз басым өзімді қауіпсіз сезінбеймін. Жылына кем дегенде бір рет бейбіт митингіге жиналып, проблемаларды айтуға, оларды көтеруге құқығымыз бар. Бізге әкімдік көмектессе деймін", - дейді ол.
Айта кетейік, феминистер бірнеше рет митинг өткізуге рұқсат сұраған, алайда қала әкімдігі бұған тыйым салған. Халықаралық әйелдер күні шеру өткізу - феминистік қауымдастық үшін дәстүрге айналған шара. Былтыр сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресуге арналған митинг Ганди саябағында өтті.
Алматыда әйелдердің ең ірі шеруі осыдан үш жыл бұрын өтті. Оған мыңға жуық адам қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық