Досаев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілтін табыстады
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Париж Олимпиадасы жүлдегерлеріне пәтер мен автокөлік кілттерін табыстады.
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерболат Досаев спортшылар мен жаттықтырушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, елі үшін жасаған қызметтері үшін алғысын айтты.
Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылықтарыңыздың және еңбекқорлықтарыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болып, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті істеріңіз бен өз еліңізге деген құрметтің жарқын үлгісі бола білдіңіздер, - деді Досаев.
Қала әкімі Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөлік кілттері табысталды. Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді. Сондай-ақ, барлық спортшыларға жол талғамайтын автокөлік сыйға тартылды.
Ал Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық бапкерлер құрамы мен басқа да спротшылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық