Досаев 8 наурыздағы әйелдер шеруіне неге рұқсат берілмегенін түсіндірді
Алматыдағы әйелдер шеруі, 2020 жыл. Фото: adamdar.ca
Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде феминистік белсенділердің 8 наурыз күнгі шеруіне неге рұқсат берілмегенін түсіндірді.
Биыл феминистер 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат сұрап, әкімдікке үш рет өтініш берген, бірақ әзірше рұқсат ала алмаған. Құқық қорғаушы Любовь Воронцова қала билігі қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген сылтаумен рұқсат бермей отырғанын хабарлады.
Журналистердің бірі әкімнен неге әкімдік жауабында "қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді" деп келтірілгенін сұрады. Ол Досаевтың өзі рұқсат берген 2021 жылғы сәтті өткен маршты да мысалға келтірді.
Әкім содан бері көп нәрсе өзгергенін айтқан. Сонымен қатар ол митингі өткізуге өтініш түспегенін, тек үндеулер бар екенін атап өтті. Заңға сәйкес, белгіленген тәртіпте жауап берілген.
"Заңды түрде жауап берілді, шешімі айтылған. Шеруді өткізу құқығы қалалықтардың еркінде. Қоғамдық даму департаменті келтірген барлық дәлел бұрынғысынша және өзгеріссіз қалады. Егер басқа форматта өтініштер түсіп жатса, біз оларды қараймыз", - деді Досаев.
Қала басшысы Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шараларға рұқсат беру немесе тыйым салу әкімдіктің құзыретінде екенін айтты.
Айта кетейік, Алматыда әйелдер құқығы үшін күресіп жүрген белсенділер пикет өткізіп жатыр. Олар шеру өткізуге рұқсат бермей отырған қала билігі назарын өздеріне аударуды көздеп отыр.
Алматыда әйелдердің ең ірі шеруі осыдан үш жыл бұрын өткен. Оған мыңға жуық адам қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық