Донецк пен Лугансктың ер азаматтарын әскерге күштеп алып кетіп жатыр - жергілікті басылым
Фото: Көрнекі сурет
Донецк және Луганск Халық Республикасының ер азаматтарын «Отанды қорғау үшін» жиналуға мұрша берместен үйлерінен алып кетіп жатыр. Бұл жөнінде Донбас.Реалии хабарлады.
Жергілікті тұрғындар «мұнда ешкім соғысқысы келмейді» деп желіде жазып жатыр. Жергілікті милиция өз кезегінде үйлерді аралап, әскер жасындағы азаматтарды алып кетіп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, тұрғындарға хабарламалар жіберіп, оларды «Отанын қорғауға шақырып жатыр». Донецкте әскери шақыру қағаздарын үйді-үйге таратып жатыр. 20 ақпаннан бастап Луганск көшелерінде жұмылдыруға шақыратын жазба тарататын машина іске қосылды.
«Ер азаматтарды күштеп алып кетіп жатыр. Тельмановтағы барлық жігіттерді алып кетті. Базардағы әйел жаңа ғана айтты. Барлығын. Кәмелет жасқа толмаған баланы қамқорына алған адамды Донецктегі пәтерінен алып кеткен, біздің танысымыз. Бізге де тексерушілер келіп, көршіміз туралы сұрады. Құдайға шүкір ол үйінде жоқ. 15 жастағы баласы үйде жалғыз қалды. Бірден УАЗикке салып алып кетіп жатыр. Үлгергендер киім-кешегін алыпты, бар естігенім осы. Меніңше әркімнің жағдайы қазір әртүрлі болып тұр. «Адами фактор». Бұл жерде ешкім военкоматқа баруға, я соғысуға ниетті емес» дейді басылымның дереккөзі.
Мойындалмаған ЛХР және ДХР республикалары 18 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдарға шығуға елден тыйым салды.
Донбастағы жанжал 17 ақпанда шиеленісе түсті. Содан кейін мойындалмаған республикалар Украина тарапынан тыныштық режимін бұза отырып оқ атылғаны туралы мәлімдеді.
Украина болса бұл хабарламаларды арандату және соғыс қимылдарын бастауға әрекет деп атады. Келесі күні ЛХР және ДХР Ресейге әйелдер мен балаларды эвакуациялауды бастады. Босқындарды шығару әлі де жалғасуда. Мойындалмаған республикалар өз аумақтарына көптеген оқ атылғаны туралы хабарлайды. Бейбіт тұрғындардың өлімі туралы да мәлімдеме пайда болды.
Украинада атыс кезінде екі әскери адамның қайтыс болғаны белгілі, бес әскери адам зардап шеккен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық