Дональд Трамптың соты 25 наурызда басталады
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президентке қозғалған іс бойынша сот 25 наурызда басталады. Нью-Йорктегі Манхэттен қылмыстық соты порноактриса Сторми Дэниэлсқа ақы төлеу кезінде қаржылық айла-шарғыға барды деп айыпталған Дональд Трамптың істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Трамптың адвокаттары сот отырысы кезінде істі тоқтатуды немесе оны кейінге қалдыруды сұраған болатын. Қорғау жағының пікірінше, Нью-Йорк сотында процестің әділ өтуіне жағдай жоқ, олар сот алқасы істі жан-жақты қарайды дегенге де сенбейтінін мәлімдеді.
Бұған қоса, Трамп өкілдері АҚШ-тағы президент сайлауы алдындағы тайталас кезінде сот праймеризге әсер ететінін және сайлау процесіне кедергі келтіретінін айтты.
Сот қорғау тарабының өтініштерін орындамады. Журналистерге сұхбат берген Дональд Трамп ешқандай қылмыс жасамағанын айтады.
Тергеу мәліметінше, 2016 жылғы сайлау алдында Трамп адвокаттары арқылы Сторми Дэниелске онымен төсектес болғанын айтпауы үшін 130 мың доллар ақша берген. Ақша заң жүзінде берілген, ол Трамптың адвокат қызметі үшін төлемі ретінде рәсімделген. Нью-Йорк штатында бұл есепті бұрмалау болып саналады.
Трамптың адвокаты Майкл Коэн 2018 жылы "бұрмалау ісі" бойынша үш жыл түрмеге кесілген. Сол кезде президент қызметін атқарған Трампқа еш айып тағылмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық