Дональд Трамп Владимир Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын мәлімдеді
Фото: reuters
Трамптың айтуынша, қазір Владимир Путинмен кездесуге дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз бұл соғысты тоқтатуымыз керек», - деп мәлімдеді Дональд Трамп 10 қаңтарда.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайындалып жатқанын жариялады. Оның айтуынша, бұл процесс басталып кеткен.
Бұл туралы Дональд Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лагодағы резиденциясында республикашыл губернаторлармен кездесу алдында айтты.
«Президент Путин кездесуді қалайды, ол бұл туралы ашық айтты және біз болып жатқан соғысты тоқтатуымыз керек», - деп қосты Дональд Трамп.
Республикашыл кездесу уақытын нақтыламады, бірақ қақтығыстың «жақын арада» аяқталуы керек екенін қайталады. Апта басында Дональд Трамп биліктегі алғашқы алты айда соғысты аяқтауға уәде берді. Сонымен бірге ол сайлауалды науқаны кезінде бұл мәселені «24 сағатта» шеше салатынын айтқан болатын.
Өз кезегінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге әзірге президенттер кездесуінің нақты жоспары жоқ екенін, бірақ Мәскеу америкалық тараптың диалог жүргізуге ұмтылысын құптайтынын айтты.
«Біз Трамп мырзаның да диалог арқылы мәселелерді шешуге дайын екенін мәлімдеп отырмыз. Бұл кездесуге екі тарап та дайындықты бастап кетті», - деді ол Дмитрий Песков.
Еске салсақ, Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарға жоспарланған.
«Егер мен қызметке кіріскеннен кейін жоғары деңгейдегі байланыстарды қалпына келтіруге саяси ерік-жігер арта берсе, онда, әрине, президент Путин мұны тек құптайды», - деп қосты Трапм.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды