Дональд Трамп ҚХР мен АҚШ арасында табысты келіссөз өткенін хабарлады
Фото: asiaplustj.info
Бұл туралы АҚШ президенті әдеттегідей Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бүгін Швейцарияда Қытай өкілдерімен өте жақсы кездесу өтті. Достық, бірақ сындарлы атмосферада қарым-қатынастарды толық қайта бастау шарттары келісілді. Біз ҚХР мен АҚШ-тың мүддесі үшін Қытайдың америкалық бизнес үшін ашық болғанын қалаймыз» деп жазды Америка президенті.
Трамп «үлкен жетістіктерге қол жеткіздік» деп қосты.
БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Женевадағы келіссөздерге АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен Қытай вице-премьері Хэ Лифэн, сондай-ақ Құрама Штаттардың сауда өкілі Джеймисон Грир қатысады.
Мамыр айының басында Америка президенті Fox News агенттігіне берген сұхбатында Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығын төмендеткісі келетінін айтқан болатын.
Бейжің бұған дейін Вашингтонмен сауда соғысында «соңына дейін» күресуге уәде берген еді.
1 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан, Канададан және Мексикадан АҚШ-қа импортталатын тауарларға, сондай-ақ Канада энергетикасына баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Қытай басшылығын АҚШ-пен сауда соғысының өршуінің салдары туралы ескертті. Атап айтқанда, ол Бейжің АҚШ-тың қосымша баждарына жауап ретінде қарсы шаралар қолдануды жалғастырса, өздеріне «өте жаман болады» деп қорқытты.
Қытай 20 наурыздан бастап Канаданың ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдеріне жауап баж салығын енгізетінін айтты.
Сәуірде Қытайдың Түркиядағы елшісі Цзян Сюэбин АҚШ-ты біржақты тарифтік шараларды алып тастауға және сауда дауларын «тең құқылы кеңес» арқылы шешуге шақырды.
10 мамырда АҚШ қосымша баж салығын енгізгеннен кейінгі алғашқы сауда келісімін Ұлыбританиямен жасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық