Дизель отынының бағасын төмендету міндеттелді
Қазақстандық жанармай құю станциялары дизель отынының бағасын төмендетуге міндетті.
Қазақстандағы бірнеше жанармай бекеттері бағаны келісіп алғандығын анықтағаннан кейін барлығына бағаны төмендету міндеті қойылды.
Бұл туралы Orda.kz. ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сараптау нәтижелері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дизель отынының қымбаттауы алыпсатарлық екенін анықтады.
– Осыған байланысты 19 жанармай құю бекетіне дизельдік отынның бағасын төмендету арқылы сөз байласу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу үшін негіз болады, - деп хабарлады Монополияға қарсы ведомство.
Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің көпшілігі хабарламаларды мерзімінен бұрын орындады және бағаларды төмендетуге дайын екендіктерін білдірді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында әр литр үшін 2-ден 5 теңгеге дейін төмендету болады. Сонымен қатар Qazaq Oil, Gas Energy оңтүстікте ғана емес, елдің бірқатар басқа аймақтарында да бағаның төмендегенін хабарлады.
Sinooil, Гелиос үшін соңғы мерзім берілді.
Ал монополияға қарсы департамент 1 шілдеден бастап дизель отынына акциз салығы тоннасына 540 теңгеден 9 мың 300 теңгеге дейін өскенін және бұл жағдайдың болашақта бағаға әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
– Жанар-жағармай бағасының келісілмеуі мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі үнемі бақылауда, - ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Естеріңізге салсақ, елдің оңтүстігінде дизель отынының қымбаттауы үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап байқалды. Дегенмен қазақстандық жанармай бекеттері бағаны келісіп алды деген күдік жуырда ғана туындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық