Disney, Sony және Warner Bros компаниялары Ресейге фильм таратуды тоқтатты
Украинадағы соғыс жаңдайына байланысты Disney, Sony және Warner Bros компаниялары Ресейге жаңа фильмдерін жалға беруден бас тартты, деп хабарлайды BBC.
Дистрибьюторлар жаңа комикстердің шығарылымын тоқтатты.
«Украинадағы гуманитарлық дағдарысқа байланысты WarnerMedia Ресейдегі «Бэтмен» көркем фильмі шығарылымын тоқтатады. Біз жағдайдың өрбуін бақылауды жалғастырамыз. Бұл қасіреттің тез әрі бейбіт жолмен шешілуін асыға күтеміз» деді Warner Bros.
Sony компаниясы Джаред Лето ойнайтын «Морбиус» фильмі шығарылымын тоқтатты.
«Біздің бар ойымыз бен дұғамыз зардап шеккендерде және бұл дағдарыс тез шешіледі деп үміттенеміз» делінген Sony мәлімдемесінде.
Дисней «Мен ұялдым» мультфильмінің ресейлік прокатынан бас тартты. Оның премьерасы 10 наурызда өтуі керек еді. Бұл шешімге Украинадағы оқиғалар да әсер етті.
Бұған дейін Netflix стримингтік қызметі Ресейдің 20 федералды телеарнасын көрсетуден бас тартқан болатын.
2021 жылдың желтоқсанында Роскомнадзор Netflix-ті аудиовизуалды қызметтер тізіліміне қосты, өйткені Ресейдегі қызмет аудиториясы күніне 100 000 жазылушыдан асты. 1 наурыздан бастап Netflix «Бірінші арна», «НТВ», «Vitrina TV» сияқты 20 шақты телеарнаға тегін таратуы керек еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық