Димаш Құдайберген Қарағандыда қаза тапқан кеншілер отбасына 20 миллион теңге аударды
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қарағандыда қаза тапқан кеншілер отбасына 20 миллион теңге аударды.
Бұл туралы ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, ол бұл ақпаратты мүлде кездейсоқ естігенімен, игі істі қазақтың басқа қайраткерлері де жалғастырады деген үмітпен жария етуді жөн санаған.
«Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46 адамның қайғысы әлі ұмытыла қойған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасыларына көмек қолын созуда. Белгілі әнші Димаш Құдайберген де оларды назардан тыс қалдырған жоқ. Кеше ол «Әкелері сол апатта қайтыс болған кәмелетке толмаған балалары бар 20 отбасыға бір миллион теңгеден аударды. Мен бұл хабарды кездейсоқ естідім, Қанат (Димаш Құдайбергеннің әкесі) растады» деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.
Ақша «Қорғау» көміршілер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің есепшотына аударылғаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Кейін үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан еншісіне беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.
Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің 41 отбасына он жылдық жалақысын төлеп берген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық