Димаш Құдайберген MTV рейтингісінде сұранысқа ие 10 әншінің бірі
Ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің «Across Endless Dimensions» әніне жазылған бейнебаян MTV USA апталық рейтингісінде көш бастады. Бұл жаңалықты әлемге танымал қазақ әншісі өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
— «Across Endless Dimensions» атты әніме түсірген бейнебаяным бүгін MTV USA рейтингісінде бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздер мені әрқашан қолдап жүресіздер. Рахмет, деп жазды Димаш.
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бұл жаңалыққа қатты қуанып, сүйікті әншілерін жаппай жеңісімен құттықтап жатыр.
«Құттықтаймыз! Сен жеңіске әбден лайықсың» , «Жеңісің құтты болсын! Бағындырар шыңдарың әлі алда», «Сен кез келген жоғары деңгейлі марапаттарға лайықсың. Біз сен үшін қуаныштымыз», «Димаш қуанса, біз де қуанамыз. Жеңісміз құтты болсын» деп жазды оның табынушылары.
Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни қазақтың ерекше дауысты талантын құттықтап, тілегін білдірді.
— Димашты рейтингте көш бастауымен және MTV-дегі сұранысқа аса ие үздік он әртістің қатарына кіруімен құттықтаймын! , деп жазды ол Twitter желісінде.
Бүгінде Димаштың аталған бейнебаяны YouTube кеңістігінде 2,5 млн астам қаралым жинады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық