Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды қазақ тілін құрметтеуге және мақтан етуге шақырды.
Бейне хабарлама оның Instagram парақшасында пайда болды. Жазбада ол қазақстандықтарды мемлекеттік тілді бағалауға шақырады. Әнші азаматтардың ана тілінде сауатты, еркін сөйлеуін армандайтынын айтты.
«Бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Қазір бірнеше тіл білу керек, бірақ қазақ үшін ана тіліңді білмеу – ұят» деді Димаш Құдайберген.
Ол шетелде қазақ тілінде сөйлей отырып, өз отандастарына, туған тіліне деген құрметін білдіретінін баса айтты.
«Тіліміз таза болып, өз жерімізде құнсызданбауы керек. Осыған біздің жастар жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Қазақ тілін үйрене бастаған қандастарымызға көмектесейік, түзетейік, қолдайық. Қазақстан атанған елімізде мемлекеттік тілде, ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Ана тілімізді мақтан етейік» деп қосты әнші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық