Әділет министрлігі «Ел тірегі» партиясын қабылдамады
6 қаңтарда бірнеше адамнан тұратын бастамашыл топ Нұр-Сұлтандағы әділет министрлігі кеңсесіне «Ел тірегі» деп аталатын жаңа саяси партия құру ниеті туралы ескертуін тапсырды, деп жазады Азаттық радиосы.
Бастамашылдар өтінішінде Қазақстанның барлық облысынан және республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан мыңнан астам адам партия құруды қолдағаны айтылған.
Бастамашылар Қазақстанның «Саяси партиялар туралы» заңының 6-бабына сәйкес партия құру ниетін білдірген. Олар бастамашыл топтың және партияны ұйымдастыру комитеті мүшелерінің тізімін өткізіп, тіркеуші орган – әділет министрлігінен бір тәулік ішінде ескертуді қабыл алғаны туралы құжат беруді талап еткен.
Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық қызмет департаменті арнайы хатында «Ел тірегі» партиясын құру туралы бастамашыл топтың ескертуін мақұлдамай, кері қайтаратыны айтылған. Департамент директорының міндетін атқарушы Евгения Холмецкая қол қойған хатта бастамашыл топ тізімінде «қайтыс болған адамдардың және статусы белгісіз кісілердің» аты-жөндері жазылған делінген.
Бастамашыл топ заңгері Нұрсұлтан Ермаханов Азаттыққа бұл жауабы үшін әділет министрлігін сотқа беретіндерін хабарлапты.
"Біріншіден, тізімдегілердің арасында қайтыс болған адамдардың аты-жөні жоқ. Екіншіден, министрлік партия құру бастамасына заңсыз қарсылық білдіріп отыр. Біз халықтық партия боламыз деп жарияладық. Сондықтан желілерде әр қадамымызды жариялап отырамыз", – деді ол.
«Ел тірегі» деп аталған жаңа партия құрылатынын бастамашыл топ екі ай бұрын ескерткен. Бастамашыл топ қатарында алдағы мәжіліс сайлауында кандидаттар тізіміне «Нұр Отан» партиясының бұрынғы мүшесі Нұржан Әлтаев та бар. Жаңа партия құратынын жариялаған соң көп ұзамай Әлтаев «Нұр Отаннан» шығарылып, парламенттің төменгі палатасы – мәжілістегі депутат мандатынан айырылған еді.
Қазақстан заңына сәйкес саяси партия құру үшін бастамашыл топ партияның құрылтай съезін өткізіп, кемінде 20 мың адамның қолын жинауы керек.
Қазіргі кезде Қазақстанда ресми тіркеуден өткен 6 партия бар, солардың бесеуі 10 қаңтарда өтететін мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық