Әділет министрі Марат Бекетаев: «Отставкаға кетпеймін»
Марат Бекетаев өзінің отставкасын талап еткен адвокаттар мен заңгерлердің талабын кері қайтарды. Бұл туралы ол 26 наурызда өткен брифингте мәлімдеді.
Ол Әділет министрлігі ұсынған заң жобасына қарсылық білдірген адвокаттардың сынымен келіспейді. Министр мен адвокаттар арасындағы дау «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға енетін түзетулерге байланысты басталды. Адвокаттар бұл түзетулер мемлекеттің заңгерлерді бақылауын күшейтеді дейді. Ал министр заң жобасының негізгі мақсаты – адвокаттар мен заңгерлердің мүддесін қорғау екенін алға тартады.
— Әрбір Қазақстан азаматының сапалы құқықтық көмек алуға құқығы бар. Бұл заң жобасы құқықтық көмектің сапасын жақсартатын механизмдерді ұсынады. Мәселе өзін-өзі реттеуді дамыту жөнінде. Дамыған елдер тәжірибесі өзін-өзі реттеу жүйесінің тиімді екенін көрсетіп отыр. Бұл құқықтық көмектің сапасын арттырады. Нақтылап айтсақ – адвокаттар маман болмай тұрып әділет органдарында емтихан тапсырады. Дамыған елдерде емтиханды адвокаттар алқасы базасында тапсырады. Олар икемді әрі жылдам жұмыс істейді. Адвокаттар алқасы қоғамның қажеттілігіне реакция білдіреді. Қазақстан да соған ұмтылып келеді. Менің пікірімше, қазір адвокаттар алқасы мұндай емтихан өткізуге дайын емес. Себебі материалдық-техникалық базасы жоқ және мұндай мәселелерді шешетін мамандар да тапшы, — деді Бекетаев.
Бекетаевтың айтуынша, заң жобасы адвокаттарды оқытып, білімін үнемі арттырып отыруға бағытталған. Қазақстан адвокаттары, заңгерлер мен нотариустар әділет министрлігі ұсынған түзетулерге қарсы. Қазір құжат парламентте жатыр. Заңгерлердің пікірінше, жоба қабылданып кетсе, билік адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметін тұтастай бақылауында ұстайды. Олардың лицензиясын қалаған кезде тартып алып, қызметінен шеттете салады.
Cонымен қатар адвокаттар өздерін айына 3600 теңге төлеуге міндеттейтініне қарсы. Оған қоса әрбір заңгер ай сайын республикалық адвокаттар алқасына 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2917 теңге) жарна төлеп отыруы тиіс.
Адвокаттар мен заңгерлер, нотариустар Алматыда 13 наурызда аталған түзетулерге қарсылық білдіріп, митинг өткізбекші болды. Әкімдік акция өткізуге рұқсат берген, бірақ ұйымдастырушылар қаланың коронавирус жөнінен «қызыл» аймаққа енгенін айтып, соңғы сәтте шегерді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық