Әділбек Жақсыбеков пен Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz директорлар кеңесінен шықты
Әділбек Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Директорлар кеңесінің құрамына енді Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин кіреді.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «QazaqGaz» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 18 ақпандағы шешіміне сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл шешім Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Әділбек Жақсыбеков директорлар кеңесінің төрағасы, Қайрат Шәріпбаев басқарма төрағасы және Мәлік Сәулебай құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның мүдделерінің өкілдері ретінде АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланды.
«Ернат Бердіғұлов «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды» делінген компанияның хабарламасында.
Енді директорлар кеңесіне Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин кіреді.
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясының атауы 2021 жылдың соңында QazaqGaz болып өзгертілді.
Еске салсақ, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев қаңтар айының басындағы қайғылы оқиғадан кейін QazaqGaz басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.
Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесін 2020 жылдың қарашасынан бастап басқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық