Дикий Арманның досы ұсталды – Бас прокуратура
Фото: Orda.kz
Жаңа жыл түні Дубайда Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаған Эдвард Сабировқа шабуыл жасалды. Жанболат Серіков тонаған топтың арасында болған. Бас поркуратура Bes.media ақпараттық порталының сұрағына жауап беріп, Жанболат Серіковтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жанболат Серіков ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің күйеу баласы екені анықталды. Әрі күдікті «дикий Арманның» досы.
Ол Бакуде Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарының өтініші бойынша ұсталды.
«Қазақстандық құқық қорғау органдары Жанболат Серіковтің қылмыс жасағаны үшін іздестірілмегенін мәлімдеді. Осыған байланысты оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қазіргі уақытта қаралмайды», деп түсіндірді бас прокуратура.
Айта кетейік, қаңтар айының басынан бастап түрлі ақпарат көздері қарулы шабуыл мен 327 мың доллар ұрлау ісіне байланысты Анорбек Төмібаев пен Есболат Кенжеғазының ұсталғанын хабарлады. Олар Ресейден ұшып шығуға тырысқан кезде бірі Внуково әуежайында, екіншісі Домодедово әуежайында қолға түскен. Айта кетерлігі, ұсталғандардың өздерінен ақша табылмаған. Болжам бойынша, күдіктілер БАӘ-дан ұшар алдында ақшаны криптовалютаға айналдырып үлгерген болуы мүмкін.
Orda.kz-тің мәліметінше, шабуылды ұйымдастырған — Жанболат Серіков. Ол 1985 жылы Маңғыстау облысында туғанымен, қазіргі уақытта Алматының элиталық ауданында тіркелген. 23 желтоқсанда Дубайға ұшып кетіп, 3 қаңтарда Ыстамбұлдан Бакуге келген кезде ұсталған.
Біз оқиғаның «басты кейіпкеріне» тереңірек үңілгенімізде, оның атына 3 миллиард теңгеден астам қарыз тіркелгенін анықтадық. Оның ішінде: - «Банк Фридом Финанс» алдындағы берешегі — 90 миллион теңге, - «Банк ЦентрКредит» — 800 миллион теңгеден астам, - «ForteBank» — 2,3 миллиард теңге.
2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оған Қазақстаннан шығуға тыйым салынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық