«Дикий Арманның» анасы ұлының атынан кешірім сұрады
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева қырғыз халқынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жазды.
Видео қырғызстантық Kaktus Media Telegram-арнасында жарияланды.
Ол ұлының қырғыз халқын қатты жақсы көретінін айтып, Арманның жақсы жақтарын атап өтті Сондай-ақ ол Айкөл Аликжанованың келіні екенін, тұңғыш немересін сыйлағанын айтты.
– Мен, Жұмагелдиева Роза Хамзақызы, 70 жастағы зейнеткермін. Арман Жұмагелдиевтің анасымын. Сіздер оны «Дикий Арман» деп танисыздар ғой. Үлкен басыммен иіліп, қырғыз халқынан кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс істемеген шығар. Салдарынан екі ел арасында ұлттық араздық болып кетті. Соған жүрегім ауырады. Бірақ оның ондай жаман ойы жоқ еді. Шын мәнінде, ол қырғыз елін өте жақсы көреді.
«Керемет жауынгер, патриот халық» деп әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыздың қызына үйленіп, құда-құдағи болып отырмыз. Келінім Айкөл Аликжанова маған тұңғыш немеремді сыйлады. Біз бақытты өмір сүріп жатыр едік. Пайғамбардың өзі күйеу баласын сыйлаған. Сондықтан бір-бірімізге кешірімді болайық, – деді Жұмагелдиевтің анасы.
Еске салсақ, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен Алматыдағы арнайы операция барысында ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ол өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келген және 5-6 қаңтардағы белгілі оқиға кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсаты мен қару-жарақтың бар-жоғын жедел-тергеу тобы тексеретін болады» деді Ішкі істер министрлігі.
Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық және тонау бойынша соттылығы бар.
– Олардың арасында «Жабайы Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын.
Оның қарулы серіктестері кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен, – деді арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық