Дикий Арманның қамауға алу мерзімі тағы 2 айға ұзартылды
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Маусымның 3-і күні Алматының ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімін 7 тамызға дейін ұзартқаны хабарланды.
Дикий Арманның ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда қаңтар оқиғасы кезіндегі арнайы операцияда ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.
Бұған дейін Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің қанша рет және қандай қылмысы үшін түрмеге жабылғанын айтқан болатын. Алғаш рет 2005 жылы 1 тамызда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, Дикий Арманға тағылған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген де ұсталды. Тергеу деректері бойынша, ол Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде халық жиынын ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырған, содан кейін олардың митингіге жиналуын ұйымдастыруға қатысқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық